Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 85 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 556 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2045 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде 2003 жылы N 7 болып жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың және Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша:
"Астана, Алматы қалалары ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер Бас Басқармасының - ішкі істер Басқармасының", "облыстардың ішкі істер Бас Басқармасына - ішкі істер Басқармасына (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ)", "Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ", "ІІББ-ІІБ" деген сөздері тиісінше "Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері", "облыстардың Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД)", "ІІД" деген сөздермен ауыстырылсын;
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінен азаматтық мәселелері бойынша материалдар алғаннан кейін белгіленген тәртіппен қорытынды дайындауды және оларды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауына жіберуді, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды қамтамасыз етсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша "Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының", "Мемлекеттік-құқықтық бөліміне" деген сөздер тиісінше "Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің", "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі "тәртібі туралы ережеге" деген сөздер "Ережеге" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі өтiнiштер мiндеттi түрде тiркелуі және қаралуы тиіс. Өтiнiш берушi осы Нұсқаулықта көзделген барлық құжаттарды заңда белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда өтiнiш бойынша өндіріс тоқтатылып, ол туралы өтiнiш бiлдiрушi жазбаша түрде хабардар етiледi.";
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіскеннен кейін," деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтағы ", Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы ұсынымхат берiлген сәтте тұру немесе некеде болу мерзiмi үзiлiссiз болуы тиiс.";
1) тармақшаның екінші абзацы "пайым қабiлетiн жоғалтқан адамдардан" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта:
1), 2) және 5) тармақшалардағы "екі дана", "екі данадағы" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"Аталған құжаттардан басқа, тарихи Отаны ретiнде Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн қайта оралған адамдар оралман куәлiгін немесе Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының ыхтиярхатын және шетел азаматтығынан бас тарту туралы өтiнiшiн тапсырады.";
он үшінші абзацтағы ", өз туысының тұрғылықты жері туралы мекен-жай бюросының анықтамасын" деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "екі дана", "екі данадағы" деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 4) және 5) тармақшаларындағы "екі дана" деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 25-тармақтың 4) тармақшасындағы "есепке тұрмаса" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса.";
26-тармақтағы "әскери қызметінде тұруы және" деген сөздерден кейін "басқа мемлекеттің азаматтығын алғандығы," деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақтың екінші абзацындағы "ішкі істер Министрлігінің" деген сөздер "Әділет министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақтың төртінші абзацындағы "және дер кезінде құжаттандырылуын қамтамасыз етеді" деген сөздер алынып тасталсын;
39-тармақтағы "олардың дер кезінде құжаттандырылуын қамтамасыз етеді" деген сөздер "оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және төлқұжатын белгіленген тәртіппен беру үшін негіз болып табылатын мөрмен расталған анықтама береді, шетел азаматтары ретінде оларды есептен шығарады" деген сөздермен ауыстырылсын;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Келісімге қатысушы - елдердің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасы азаматының өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы ақпарат келіп түскен кезде, ішкі істер органдары есептерге өзгерістер енгізу үшін әділет органдарына тиісті хабарлама жібереді.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (М.Қ.Пістаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры 2 дәрежелі
мемлекеттік әділет кеңесшісі
2006 жылғы 24 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сотының төрағасы
2006 жылғы 20 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
генерал - лейтенант
2006 жылғы 30 наурыз