Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабындағы 30) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсейтова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күн тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 16 қазандағы N 594
бұйрығымен бекітілген
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды
бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабындағы 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) ведомство – ветеринариялық–санитариялық бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің орталық аппараты;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, ауданның, облыстық немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың) агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары;
3) дериват – жоғалу қаупі бар жануарлардың бөліктері немесе олардың оңай танылатын бөліктері;
4) рұқсат – экспорт, импорт және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге уәкілетті орган ведомствосымен берілетін, кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, тізілімде тіркелетін реттік нөмірі;
5) тізілімнен көшірме - рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті жөнінде ақпараты бар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне ведомствомен рұқсат берілуі туралы жазбаша ескерту;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортының, импортының, транзитінің тізілімі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер жөнінде ақпараттары мен импортына, экспортына және транзитіне берілген рұқсат нөмірі бар уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
3. Осы Ереженің әсері Қазақстан Республикасына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға таралады.
4. Тиісті аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалауды есепке ала отырып орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторымен және оның орынбасарымен беріледі және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру үшін негіз болады.
Рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат тізілімінде тіркеуге жатады.
5. Экспортқа, импортқа, транзитке рұқсаттың жарамдылық мерзімі - берілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен артық емес.
2. Қазақстан Республикасы аумағына
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің
экспорты және импортына рұқсат ресімдеу және беру тәртібі
6. Заңды және жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін экспортының, импортының және транзитінің басталуына 10 жұмыс күннен кем емес мерзім ішінде экспорты кезінде - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жері бойынша, импорты кезінде - енгізу орны бойынша тиісті аумақтық бөлімшесіне жазбаша үндеуде (еркін нысандағы өтініш):
1) заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және өндіріс объектісінің ведомствосымен берілген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін фамилиясы, аты, тегі және мекен-жайы;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері мен оның өлшем бірлігін;
4) экспорттаушы елді (импорттаушы елді) және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шығу орнын;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде қолдану жоспарланған көлік түрі;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау жоспарланған елдердің мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутын;
7) импорттың, экспорттың мақсаттарын (жануарлар үшін - өсіру және ұстау, сату, етке сою; өнімдер үшін - өткізуге, қайта өңдеуге, жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – ол арналған жануарлар түрі);
8) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеу, сатуды) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін, Қазақстан Республикасы аумағындағы белгіленген пунктын;
9) 1973 жылғы 3 наурыздағы жоғалу қаупі бар жабайы жануар және өсімдік түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін жоғалу қаупі бар және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аң олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары болатын немесе бола алатын туындыларын енгізуде жануарлардың импортына, олардың бөліктері және/немесе туындылары.
10) жануарларға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларының, ветеринариялық препараттардың импорты кезінде өндіруші ұйымның шыққан жерін және жемшөп пен жемшөп қоспаларының, ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тіркелуі жөнінде куәлік көшірмесін.
Заңды және жеке тұлғалар жазбаша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін асыл тұқымдық куәлікті (асыл тұқымды өнімін (материал) экспорттау кезде);
асыл тұқымдық куәлік және ветеринария сертификаты немесе оған балама құжат (асыл тұқымды өнім (материал) импорты экспорттаушы елдің ресми органдары берген және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған);
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты кезінде зертханалық зерттеулердің сараптама актісін.
7. Ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына немесе импортына жазбаша үндеуді (бұдан әрі - өтініш) алған бойда:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналына өтінішті тіркеуді;
2) Осы Ереженің 6 тармағында қарастырылған ақпараттың болмау фактісі анықталған жағдайда, ресімдеу рәсімі жетпей тұрған ақпаратты алған уақытқа дейін тоқтатылады.
8. Ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесімен өтініштің қарастырылу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауы керек.
9. Өтінішті қарастырғаннан кейін және ветеринариялық-санитариялық қорытындының нәтижесі негізінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) ведомствоға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортының, экспортының рұқсатына өтінім жолданады, өтінім осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ведомствоға жолданады.
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат беруде себептерін көрсетіп дәлелді түрде бас тарту.
10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына рұқсат беруден бас тартуға негіз болады:
1) жеке елдерге (елдер аймақтарына) қатысты шектеу іс-шараларын енгізу, соның ішінде: олардың экспорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз болуына байланысты;
2) экспорттаушы елмен импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарының сақталмауы;
3) өтінушінің толық емес немесе күмәнді деректерді ұсынуы.
11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына рұқсат беруден бас тартуға негіз болады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыздығы;
2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы;
3) өтінушінің толық емес немесе күмәнді деректерді ұсынуы.
12. Ведомство орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің тіркеу журналына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты (импорты) туралы өтінімді оның түскен күні тіркейді, өтінімдегі мәліметтерді қарастырады, талдайды және Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына немесе оның орынбасарына шешім қабылдау үшін енгізеді.
13. Қазақстан Республикасының Бас мемлекетік ветеринариялық–санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары ұсынылған құжаттарды қарастырғаннан кейін келесі шешімдердің біреуін шығарады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беру (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемі мен жүру маршрутын, өтінушінің атауын (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар) көрсетіп телетайпограмма түрінде);
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат беруде себептерін көрсетіп дәлелді түрде бас тарту.
14. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен келісуді (30 күнге дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнге дейін) талап ететін рұқсаттардан басқа өтінімдердің қарастырылу мерзімі 5 жұмыс күнінен артық емес.
15. Ведомство орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беру бойынша немесе оның беруінен дәлелді түрде бас тартуы жөнінде қабылданған шешімі туралы өтінімді жолдаған ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесін ақпараттандырады. Ал тізілімнен көшірмені ветеринариялық сертификаттағы импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірімен салыстырып тексеру үшін ветеринариялық бақылау бекетіне дейін жеткізеді.
16. Ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдануын тіркеу журналында оның түскен күні импортына және экспортына рұқсат нөмірін тіркейді және оны күнін көрсетіп ветеринариялық сертификатқа жазады.
17. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына немесе транзитіне қолдану мерзімінің ішінде рұқсатты келесі жағдайда қайтарып алады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импорттаушысымен, экспорттаушысымен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі анықталса) фактілері белгіленсе;
2) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайы өзгерсе.
3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне
рұқсатты ресімдеу және беру тәртібі
18. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты ресімдеу тек қана уәкілетті орган ведомствосына импорттаушы немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының жазбаша өтінімінің негізінде жүргізіледі:
1) заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және өндіріс объектісінің ведомствосымен берілген есептік нөмірі, жеке тұлғалар үшін фамилиясы, аты, тегі және мекен-жайы;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігін;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елі және шыққан елін;
5) көліктің түрін;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Қазақстан Республикасына импорты, экспорты жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізімін;
7) жануарлардың жүру маршрутының, аялдамаларының, ауыстырып тиеулерінің, азықтандыру (суару) орындарының, аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік–аумақ бірлігінің Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторымен келісілген тасу (айдау) жағдайларын көрсетіп жүзеге асырады.
19. Уәкілетті орган ведомствосымен өтінімді қарастыру және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру мерзімі - 5 жұмыс күнінен артық емес.
4. Шағымдау тәртібі
20. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат осы Ережемен белгіленген мерзімде берілмесе өтінуші бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық Қазақстан Республикасының инспекторына немесе оның орынбасарына жазбаша түрде шағым жолдай алады.
Қабылданған шағым есеп және шағым журналында тіркеледі және заңнамамен белгіленген мерзімде қарастырылады.
Шағымның қарастырылу нәтижесі жөнінде өтінушіге жазбаша түрде хабарланады.
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды есепке ала
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің
экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру
ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасында орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілердің импорт, экспорт және транзитіне рұқсаттар
тізілімі
Күні және рұқсат N |
Облыс |
Атауы, мекен-жайы және өндіріс объектісінің есептік нөмірі (заң. тұлға), аты, тегі және мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері |
Объект қай жерден және қайда бағытталады |
Тасымалдау түрі (экспорт, импорт, транзит) |
Көлік түрі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды есепке ала
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің
экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру
ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторына
2009 ж. " __ "________ N ________ өтінім
_____________ АӨК МИК аймақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімі
(облыс, қала)
экспорт/импортына рұқсат беру
(көрсету қажет)
1 |
Жүк қабылдаушы (атауы, мекен–жайы, мемлекет) |
|
2 |
Жүк жөнелтуші (атауы, мекен–жайы, мемлекет) |
|
3 |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы |
|
4 |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан елі (мемлекет, штат, округ және т.б) |
|
5 |
Өндіруші кәсіпорын (балық және балық өнімдерінің, теңіз өнімдерінің экспорты, импорты кезінде атауы және Еврокоды) |
|
6 |
Көлік түрі (авто, т.ж, әуе, су ) |
|
7 |
Сапар желісі (мемлекеттік шекара мен транзиттік мемлекеттер атауларының өту пункттерінің қиылысында) |
|
8 |
Мақсаты мен арналуы (өткізу, қайта өңдеу, жеке қолдану және т.б.) |
|
9 |
Сақтау қоймаларының мекен–жайы, көлемі және жету пунктіндегі иесінің атауы |
|
10 |
Күні және транзитке рұқсат N (бар болса) |
|
11 |
Күні және СИТЕС-тің ұқсат N (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті СИТЕС ықпалына түсетін болса) |
|
12 |
Белгілі бір орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге импорттаушы ел талаптарының толық көлемде орындалуын кепілдендіретін ветеринариялық сертификаттың болуы |
Қаланың/облыстың бас мемлекеттік
ветеринариялық–санитариялық
инспекторының қолы _______________________________
тегі, аты-жөні
МО