Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 16 қазандағы N 594 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5851 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабындағы 30) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру Ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсейтова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күн тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Күрішбаев.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2009 жылғы 16 қазандағы N 594 
бұйрығымен бекітілген      

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды
бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабындағы 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) ведомство – ветеринариялық–санитариялық бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің орталық аппараты;
      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, ауданның, облыстық немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың) агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары;
      3) дериват – жоғалу қаупі бар жануарлардың бөліктері немесе олардың оңай танылатын бөліктері;
      4) рұқсат – экспорт, импорт және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге уәкілетті орган ведомствосымен берілетін, кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, тізілімде тіркелетін реттік нөмірі;
      5) тізілімнен көшірме - рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті жөнінде ақпараты бар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне ведомствомен рұқсат берілуі туралы жазбаша ескерту;
      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортының, импортының, транзитінің тізілімі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер жөнінде ақпараттары мен импортына, экспортына және транзитіне берілген рұқсат нөмірі бар уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
      3. Осы Ереженің әсері Қазақстан Республикасына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға таралады.
      4. Тиісті аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалауды есепке ала отырып орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторымен және оның орынбасарымен беріледі және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру үшін негіз болады.
      Рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат тізілімінде тіркеуге жатады.
      5. Экспортқа, импортқа, транзитке рұқсаттың жарамдылық мерзімі - берілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен артық емес.

2. Қазақстан Республикасы аумағына
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің
экспорты және импортына рұқсат ресімдеу және беру тәртібі

      6. Заңды және жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін экспортының, импортының және транзитінің басталуына 10 жұмыс күннен кем емес мерзім ішінде экспорты кезінде - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жері бойынша, импорты кезінде - енгізу орны бойынша тиісті аумақтық бөлімшесіне жазбаша үндеуде (еркін нысандағы өтініш):
      1) заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және өндіріс объектісінің ведомствосымен берілген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін фамилиясы, аты, тегі және мекен-жайы;
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері мен оның өлшем бірлігін;
      4) экспорттаушы елді (импорттаушы елді) және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шығу орнын;
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде қолдану жоспарланған көлік түрі;
      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау жоспарланған елдердің мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутын;
      7) импорттың, экспорттың мақсаттарын (жануарлар үшін - өсіру және ұстау, сату, етке сою; өнімдер үшін - өткізуге, қайта өңдеуге, жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – ол арналған жануарлар түрі);
      8) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеу, сатуды) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін, Қазақстан Республикасы аумағындағы белгіленген пунктын;
      9) 1973 жылғы 3 наурыздағы жоғалу қаупі бар жабайы жануар және өсімдік түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін жоғалу қаупі бар және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аң олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары болатын немесе бола алатын туындыларын енгізуде жануарлардың импортына, олардың бөліктері және/немесе туындылары.
      10) жануарларға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларының, ветеринариялық препараттардың импорты кезінде өндіруші ұйымның шыққан жерін және жемшөп пен жемшөп қоспаларының, ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тіркелуі жөнінде куәлік көшірмесін.
      Заңды және жеке тұлғалар жазбаша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
      Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін асыл тұқымдық куәлікті (асыл тұқымды өнімін (материал) экспорттау кезде);
      асыл тұқымдық куәлік және ветеринария сертификаты немесе оған балама құжат (асыл тұқымды өнім (материал) импорты экспорттаушы елдің ресми органдары берген және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған);
      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты кезінде зертханалық зерттеулердің сараптама актісін.
      7. Ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына немесе импортына жазбаша үндеуді (бұдан әрі - өтініш) алған бойда:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналына өтінішті тіркеуді;
      2) Осы Ереженің 6 тармағында қарастырылған ақпараттың болмау фактісі анықталған жағдайда, ресімдеу рәсімі жетпей тұрған ақпаратты алған уақытқа дейін тоқтатылады.
      8. Ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесімен өтініштің қарастырылу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауы керек.
      9. Өтінішті қарастырғаннан кейін және ветеринариялық-санитариялық қорытындының нәтижесі негізінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
      1) ведомствоға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортының, экспортының рұқсатына өтінім жолданады, өтінім осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ведомствоға жолданады.
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат беруде себептерін көрсетіп дәлелді түрде бас тарту.
      10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына рұқсат беруден бас тартуға негіз болады:
      1) жеке елдерге (елдер аймақтарына) қатысты шектеу іс-шараларын енгізу, соның ішінде: олардың экспорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз болуына байланысты;
      2) экспорттаушы елмен импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарының сақталмауы;
      3) өтінушінің толық емес немесе күмәнді деректерді ұсынуы.
      11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына рұқсат беруден бас тартуға негіз болады:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыздығы;
      2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы;
      3) өтінушінің толық емес немесе күмәнді деректерді ұсынуы.
      12. Ведомство орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің тіркеу журналына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты (импорты) туралы өтінімді оның түскен күні тіркейді, өтінімдегі мәліметтерді қарастырады, талдайды және Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына немесе оның орынбасарына шешім қабылдау үшін енгізеді.
      13. Қазақстан Республикасының Бас мемлекетік ветеринариялық–санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары ұсынылған құжаттарды қарастырғаннан кейін келесі шешімдердің біреуін шығарады:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беру (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемі мен жүру маршрутын, өтінушінің атауын (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар) көрсетіп телетайпограмма түрінде);
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат беруде себептерін көрсетіп дәлелді түрде бас тарту.
      14. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен келісуді (30 күнге дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнге дейін) талап ететін рұқсаттардан басқа өтінімдердің қарастырылу мерзімі 5 жұмыс күнінен артық емес.
      15. Ведомство орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беру бойынша немесе оның беруінен дәлелді түрде бас тартуы жөнінде қабылданған шешімі туралы өтінімді жолдаған ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесін ақпараттандырады. Ал тізілімнен көшірмені ветеринариялық сертификаттағы импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірімен салыстырып тексеру үшін ветеринариялық бақылау бекетіне дейін жеткізеді.
      16. Ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдануын тіркеу журналында оның түскен күні импортына және экспортына рұқсат нөмірін тіркейді және оны күнін көрсетіп ветеринариялық сертификатқа жазады.
      17. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына немесе транзитіне қолдану мерзімінің ішінде рұқсатты келесі жағдайда қайтарып алады:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импорттаушысымен, экспорттаушысымен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі анықталса) фактілері белгіленсе;
      2) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайы өзгерсе.

3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне
рұқсатты ресімдеу және беру тәртібі

      18. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты ресімдеу тек қана уәкілетті орган ведомствосына импорттаушы немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының жазбаша өтінімінің негізінде жүргізіледі:
      1) заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және өндіріс объектісінің ведомствосымен берілген есептік нөмірі, жеке тұлғалар үшін фамилиясы, аты, тегі және мекен-жайы;
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігін;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елі және шыққан елін;
      5) көліктің түрін;
      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Қазақстан Республикасына импорты, экспорты жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізімін;
      7) жануарлардың жүру маршрутының, аялдамаларының, ауыстырып тиеулерінің, азықтандыру (суару) орындарының, аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік–аумақ бірлігінің Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторымен келісілген тасу (айдау) жағдайларын көрсетіп жүзеге асырады.
      19. Уәкілетті орган ведомствосымен өтінімді қарастыру және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру мерзімі - 5 жұмыс күнінен артық емес.

4. Шағымдау тәртібі

      20. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат осы Ережемен белгіленген мерзімде берілмесе өтінуші бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық Қазақстан Республикасының инспекторына немесе оның орынбасарына жазбаша түрде шағым жолдай алады.
      Қабылданған шағым есеп және шағым журналында тіркеледі және заңнамамен белгіленген мерзімде қарастырылады.
      Шағымның қарастырылу нәтижесі жөнінде өтінушіге жазбаша түрде хабарланады.

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды есепке ала
отырып, орны ауыстырылатын   
(тасымалданатын) объектілердің
экспортына, импортына және   
транзитіне рұқсат беру       
ережесіне 1-қосымша      

Қазақстан Республикасында орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілердің импорт, экспорт және транзитіне рұқсаттар
тізілімі    

Күні және рұқсат N

Облыс

Атауы, мекен-жайы және өндіріс объектісінің есептік нөмірі (заң. тұлға), аты, тегі және мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері

Объект қай жерден және қайда бағытталады

Тасымалдау түрі (экспорт, импорт, транзит)

Көлік түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды есепке ала
отырып, орны ауыстырылатын   
(тасымалданатын) объектілердің
экспортына, импортына және   
транзитіне рұқсат беру       
ережесіне 2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторына

      2009 ж. " __ "________ N ________ өтінім
_____________ АӨК МИК аймақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімі
(облыс, қала)
экспорт/импортына рұқсат беру
(көрсету қажет)    

1

Жүк қабылдаушы (атауы, мекен–жайы, мемлекет)


2

Жүк жөнелтуші (атауы, мекен–жайы, мемлекет)


3

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы


4

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан елі (мемлекет, штат, округ және т.б)


5

Өндіруші кәсіпорын (балық және балық өнімдерінің, теңіз өнімдерінің экспорты, импорты кезінде атауы және Еврокоды)


6

Көлік түрі (авто, т.ж, әуе, су )


7

Сапар желісі (мемлекеттік шекара мен транзиттік мемлекеттер атауларының өту пункттерінің қиылысында)


8

Мақсаты мен арналуы (өткізу, қайта өңдеу, жеке қолдану және т.б.)


9

Сақтау қоймаларының мекен–жайы, көлемі және жету пунктіндегі иесінің атауы


10

Күні және транзитке рұқсат N (бар болса)


11

Күні және СИТЕС-тің ұқсат N (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті СИТЕС ықпалына түсетін болса)


12

Белгілі бір орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге импорттаушы ел талаптарының толық көлемде орындалуын кепілдендіретін ветеринариялық сертификаттың болуы


Қаланың/облыстың бас мемлекеттік
ветеринариялық–санитариялық
инспекторының қолы                _______________________________
                                             тегі, аты-жөні

                                            МО

Об утверждении Правил выдачи разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 октября 2009 года № 594. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 ноября 2009 года № 5851. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 10-1/18

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 17.01.2012 № 10-1/18.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 3.

      Во исполнение подпункта 30) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешений на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории.
      2. Департаменту развития животноводства и ветеринарной безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Токсеитова Р.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Куришбаев

Утверждены            
приказом Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан      
от 16 октября 2009 года № 594  

Правила
выдачи разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых
(перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации
на соответствующей территории

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 30) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и определяют порядок выдачи разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) ведомство - центральный аппарат Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, осуществляющий ветеринарно-санитарный контроль;
      2) территориальные подразделения ведомства - территориальные инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе соответствующей территориально-административной единицы (области, района, города областного или республиканского значения, столицы);
      3) дериват - легко узнаваемые части животных или производные от них, находящиеся под угрозой исчезновения;
      4) разрешение - порядковый номер в Реестре разрешений на экспорт, импорт, транзит перемещаемых (перевозимых) объектов (далее - реестр), присваиваемый ведомством уполномоченного органа на перемещаемые (перевозимые) объекты при их импорте, экспорте, транзите, с последующим отражением в ветеринарном сертификате;
      5) выписка из реестра - письменное уведомление о выдаче разрешения на импорт, экспорт, транзит перемещаемых (перевозимых) объектов ведомством, включающее номер разрешения и сведения о перемещаемом (перевозимом) объекте;
      6) реестр - информационная база ведомства уполномоченного органа содержащая номер разрешений и сведения о перемещаемых (перевозимых) объектах при их импорте, экспорте, транзите.
      3. Действие настоящих Правил распространяется на юридических и физических лиц, осуществляющих экспорт, импорт, транзит в (из, через) Республику(и) Казахстан перемещаемых (перевозимых) объектов.
      4. Разрешение на экспорт, импорт, транзит перемещаемых (перевозимых) объектов выдается Главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором Республики Казахстан или его заместителем с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории и является основанием для выдачи ветеринарного сертификата на перемещаемые (перевозимые) объекты.
      Разрешение подлежит регистрации в реестре по форме, установленной в  приложении 1 к настоящим Правилам.
      5. Срок действия разрешения на экспорт, импорт, транзит - не более 60 календарных дней со дня его выдачи.

2. Порядок оформления и выдачи разрешения на
экспорт и импорт перемещаемых (перевозимых) объектов
на территорию Республики Казахстан

      6. Юридические и физические лица для получения разрешения на экспорт, импорт перемещаемых (перевозимых) объектов до предполагаемого начала перемещения письменно обращаются в соответствующее территориальное подразделение (заявление произвольной формы), при экспорте - по месту происхождения (нахождения) перемещаемого (перевозимого) объекта, при импорте - по месту ввоза, с указанием:
      1) для юридических лиц - наименования, адреса и учетного номера объекта производства, выданного ведомством, для физических лиц - фамилии, имени, отчества и адреса;
      2) наименования перемещаемого (перевозимого) объекта;
      3) количества перемещаемого (перевозимого) объекта, единицы его измерения;
      4) страны-экспортера (страны-импортера) и места происхождения перемещаемого (перевозимого) объекта;
      5) вида транспорта, предполагаемого к использованию при экспорте, импорте перемещаемого (перевозимого) объекта;
      6) маршрута следования перемещаемого (перевозимого) объекта, с указанием пунктов пропуска на государственной границе, через которые предполагается осуществлять провоз перемещаемого (перевозимого) объекта;
      7) цели импорта, экспорта (для живых животных - разведение и содержание, продажа, убой на мясо; для продукции - на реализацию, переработку; для кормов и кормовых добавок - вид животных, которым он предназначен);
      8) пункта назначения на территории Республики Казахстан с указанием объектов производства, осуществляющих хранение (переработку, реализацию) перемещаемого (перевозимого) объекта, и их учетного номера;
      9) номера разрешения на импорт животных, их частей и/или дериватов, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения, от 3 марта 1973 года (далее - СИТЕС), в случае ввоза живых животных, охотничьих трофеев или легко узнаваемой от них части, или производного (деривата), в том числе тех, которые по документам, упаковочному ярлыку или маркировке, или по иным признакам являются или могут являться частями или производными (дериватами) животных, находящихся под угрозой исчезновения и подпадающих под действие СИТЕС;
      10) при импорте кормов и кормовых добавок, ветеринарных препаратов, организации-производителя с указанием страны происхождения и номер регистрационного удостоверения (дата регистрации, перерегистрации) кормов и кормовых добавок, ветеринарных препаратов.
      К заявлению прилагают следующие документы:
      копия племенного свидетельства и ветеринарного сертификата или эквивалентных им документов, выданных официальными органами страны-экспортера и признанных уполномоченным государственным органом Республики Казахстан (при импорте племенной продукции (материала);
      племенное свидетельство, выданные уполномоченным государственным органом Республики Казахстан (при экспорте племенной продукции (материала);
      акт экспертизы лабораторных исследований (при экспорте перемещаемых (перевозимых) объектов).
      7. Областное территориальное подразделение ведомства, по получении письменного обращения (далее - заявление) на экспорт или импорт перемещаемых (перевозимых) объектов осуществляет:
      1) регистрацию заявления в журнале регистрации перевозок перемещаемых (перевозимых) объектов;
      2) в случае установления факта отсутствия необходимой информации, предусмотренных пунктом 6 настоящих Правил, процедура оформления приостанавливается до момента получения недостающих сведений.
      8. Срок рассмотрения заявления областным территориальным подразделением ведомства не должен превышать 5 рабочих дней.
      9. После рассмотрения заявления и на основании результатов ветеринарно-санитарного заключения главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором соответствующего территориального подразделения ведомства принимается одно из следующих решений:
      1) направляется запрос в ведомство на выдачу разрешения на импорт, экспорт перемещаемого (перевозимого) объекта, по форме установленной в приложении 2 к настоящим Правилам, направляется в ведомство.
      2) выносится мотивированный отказ в выдаче разрешения на экспорт, импорт перемещаемого (перевозимого) объекта в письменной форме с указанием причин для отказа.
      10. Основанием для отказа в выдаче разрешения на импорт перемещаемого (перевозимого) объекта являются:
      1) введение ограничительных мер в отношении отдельных стран (регионов стран), в том числе в связи с их неблагополучием по инфекционным болезням животных страны-импортера;
      2) несоблюдение ветеринарно-санитарных требований страны-импортера страной-экспортером;
      3) предоставление заявителем неполных или недостоверных данных.
      11. Основанием для отказа в выдаче разрешения на экспорт перемещаемого (перевозимого) объекта являются:
      1) неблагополучие места происхождения (нахождения) перемещаемого (перевозимого) объекта по инфекционным болезням животных;
      2) невозможность выполнения ветеринарно-санитарных требований страны-импортера;
      3) предоставление заявителем неполных или недостоверных данных.
      12. Ведомство регистрирует запрос об экспорте (импорте) перемещаемого (перевозимого) объекта в журнале регистрации перевозок перемещаемых (перевозимых) объектов в день его поступления, рассматривает, анализирует содержащиеся сведения в запросе и вносит Главному государственному ветеринарно-санитарному инспектору или его заместителю для принятия решения.
      13. Главный государственный ветеринарно-санитарный инспектор Республики Казахстан или его заместитель после рассмотрения представленных документов выносит одно из следующих решений:
      1) выдает разрешение на импорт, экспорт перемещаемого (перевозимого) объекта (в виде телетайпограммы с указанием наименования перемещаемого (перевозимого) объекта, его объема и маршрута следования, а также: для юридических лиц - наименования, адреса и учетного номера объекта производства, выданного ведомством, для физических лиц - фамилии, имени, отчества и адреса проживания, осуществляющих транспортировку (перемещение) перемещаемых (перевозимых) объектов);
      2) отказывает в выдаче разрешения на экспорт, импорт перемещаемого (перевозимого) объекта мотивированно в письменной форме с указанием причин.
      14. Срок рассмотрения запроса на импорт, экспорт не более 5 рабочих дней, за исключением, разрешений, требующих транзитного согласования со службами других государств на транзитный провоз перемещаемого (перевозимого) объекта (до 30 дней) и прохождения карантина живых животных (до 60 дней).
      15. Ведомство о принятом решении по выдаче разрешения на импорт, экспорт перемещаемого (перевозимого) объекта или о мотивированном отказе в его выдаче информирует соответствующее территориальное подразделение ведомства, направившие запрос, а выписку из реестра доводит до ветеринарного контрольного поста для сверки номера разрешения на импорт, экспорт, транзит на ветеринарном сертификате.
      16. Соответствующее территориальное подразделение ведомства регистрирует номер разрешения на импорт и экспорт в журнале регистрации перевозок перемещаемых (перевозимых) объектов в день его поступления и проставляет его на ветеринарном сертификате с указанием даты.
      17. Главный государственный ветеринарно-санитарный инспектор Республики Казахстан или его заместитель отзывают в течение срока действия разрешения на экспорт, импорт перемещаемых (перевозимых) объектов в случае:
      1) установления фактов нарушения импортером, экспортером перемещаемого (перевозимого) объекта законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии (в том числе предъявление поддельных ветеринарных сертификатов, обнаружение несоответствия предъявленным документам перемещаемого (перевозимого) объекта);
      2) изменения эпизоотической ситуации страны-экспортера, страны-импортера по инфекционным болезням животных.

3. Порядок оформления и выдачи разрешения
на транзит перемещаемых (перевозимых) объектов
по территории Республики Казахстан

      18. Оформление разрешения на транзит перемещаемых (перевозимых) объектов осуществляется только на основании письменного запроса уполномоченного органа в области ветеринарии страны-импортера или страны-экспортера о выдаче разрешения на транзит через территорию Республики Казахстан в ведомство уполномоченного органа с указанием:
      1) наименования для юридических лиц: адрес и учетный номер объекта производства, выданного ведомством, для физических лиц - фамилия, имя, отчество и адрес, осуществляющие транспортировку (перемещение) перемещаемых (перевозимых) объектов);
      2) наименования перемещаемого (перевозимого) объекта;
      3) количества перемещаемого (перевозимого) объекта и единицы его измерения;
      4) страны-экспортера или импортера и страна происхождения перемещаемого (перевозимого) объекта;
      5) вида транспорта;
      6) перечня пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан, через которые будет осуществляться импорт, экспорт Республики Казахстан перемещаемого (перевозимого) объекта;
      7) маршрута следования, остановок, перегрузок, мест кормления (поения) животных, условия провоза (перегона), согласованный с главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором соответствующей административно-территориальной единицы, через территории которых осуществляется транзит перемещаемого (перевозимого) объекта.
      19. Срок рассмотрения ведомством уполномоченного органа запроса и выдача разрешения на транзит перемещаемых (перевозимых) объектов не более 5 рабочих дней.

4. Порядок обжалования

      20. Если разрешение на импорт, экспорт, транзит на перемещаемый (перевозимый) объект не выдано в установленный настоящими Правилами срок, заявитель может направить жалобу в письменном виде Главному государственному ветеринарно-санитарному инспектору Республики Казахстан или его заместителю.
      Принятая жалоба регистрируется в журнале учета и жалоб и рассматривается в сроки, установленные законодательством.
      О результатах рассмотрения жалобы заявителю сообщается в письменном виде.

Приложение 1              
к Правилам выдачи разрешения на экспорт,
импорт и транзит перемещаемых (перевозимых)
объектов с учетом оценки эпизоотической 
ситуации на соответствующей территории 

Реестр разрешений на импорт, экспорт и транзит
перемещаемых (перевозимых) объектов в Республике Казахстан

№/

Дата
и №
раз-
ре-
ше-
ния

Об-
ласть

Наименования,
адрес и
учетный номер
объекта
производства
(юр. лиц),
Ф.И.О и адрес
(физ. лиц)

Наиме-
нование
переме-
щаемого
(пере-
возимо-
го)
объекта

Коли-
чество
переме-
щаемого
(пере-
возимо-
го)
объекта

Откуда
и куда
нап-
рав-
ляется
объект

Вид
пере-
возки
(экс-
порт,
импорт,
тран-
зит)

Вид
тран-
спор-
та

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Приложение 2               
к Правилам выдачи разрешения на экспорт,
импорт и транзит перемещаемых (перевозимых)
объектов с учетом оценки эпизоотической 
ситуации на соответствующей территории 

Главному государственному ветеринарно-
санитарному инспектору Республики Казахстан

      Запрос от "__"________ 2009 г. № ________
Отдел ветеринарии территориальной инспекции ________ КГИ в АПК просит
                                            (область, город)
выдать разрешение на экспорт/импорт
                     (нужно указать)

1

Грузополучатель (наименование, адрес,
государство)


2

Грузоотправитель (наименование, адрес,
государство)


3

Наименование перемещаемого
(перевозимого) объекта


4

Страна происхождения перемещаемого
(перевозимого) объекта (государство,
штат, округ)


5

Предприятия производитель (наименование
при экспорте, импорте рыбы и рыбной
продукции, морепродкутов)


6

Вид транспорта (авто, ж.д, авиа, водный)


7

Маршрут следования (в разрезе пунктов
перехода государственных границ и
наименований транзитных государств)


8

Цель или предназначение (реализация,
переработка, личное использование)


9

Адрес складов хранения, объем, и
наименование их владельца в пункте
назначения


10

Дата и № разрешений на транзит (при
наличии)


11

Дата и № разрешений СИТЕС (если
перемещаемый (перевозимый) объект
попадает под действие СИТЕС)


12

Наличие ветеринарного сертификата
гарантирующего выполнение требований
страны импортера к конкретному
перемещаемому (перевозимому) объекту в
полном объеме


Подпись главного государственного
ветеринарно-санитарного инспектора
города/области                              __________________ Ф.И.О.

                                                    МП