Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 633 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5923 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.06.2012 № 394 бұйрығымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 433 бұйрығының (Нормативтік–құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4425 тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 2 қарашада N 192 (998) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 2 қарашадағы 
N 633 бұйрығымен бекітілген

Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) медициналық ұйымдарда азаматтарға консультациялық – диагностикалық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
      2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылаусыз, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
      2) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
      3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
      4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
      5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін маман - тәулік бойы медициналық бақылаусыз, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек көрсететін: учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, акушер, акушер-гинеколог (бұдан әрі – МСАК маманы);
      6) пациент – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
      3. Консультациялық-диагностикалық көмектің міндеттері:
      1) мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
      2) консультациялық-диагностикалық көмектің сапасымен қол жетімділігін арттыру;
      3) жұмыстың негізделген және тиімді жаңа нысандарын және емдеу-диагностикалау үрдісінің жаңа әдістерін, технологияларды жетілдіру және практикаға енгізу.
      4) науқастардың стационарда болу мерзімдерін қысқарту мақсатында амбулаториялық кезеңде ауруларды уақтылы диагностикалау болып табылады.

2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібі

      4. Консультациялық-диагностикалық көмек профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну арқылы көрсетіледі.
      5. Бейінді маманның консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі МСАК маманның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      6. Шұғыл консультациялық-диагностикалық көмек аумақтық тіркеу фактісіне қарамастан тегін көрсетіледі.
      7. Бейінді маман консультациялық-диагностикалық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетеді.
      8. Бейінді маман пациентті консультацияға жіберген МСАК маманына оған жүргізілген тексеру мен емдеу нәтижесі, сондай-ақ пациентті ары қарай қарау жөніндегі ұсыныстары көрсетілген консультациялық қорытындыны ұсынады.
      9. Бейінді маман немесе МСАК маманы стационардан шыққаннан кейін ары қарай пациентті оның жағдайы мен ұсыным сипатына қарай бақылауды жүзеге асырады.
      10. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде медициналық ұйымдар:
      1) аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің әдістерін, сондай-ақ Мемлекеттік тіркелімде тіркелген дәрілік заттарды, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануды;
      2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді; V090005908V090005907
      3) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы нақты және жедел ақпараттарды тегін ұсынуды;
      4) халықтың санитариялық–эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиеналық нормативтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауды;
      5) салауатты өмір салтын қалыптастыруды;
      6) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл және қызметіндегі сабақтастықты;
      7) алғашқы медициналық құжаттарды жүргізуді, есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
      11. Республикалық бюджет қаражатының есебінен, оның ішінде мобилдік бригадалар, консультациялық – диагностикалық көмектің жоспарланған көлемдерін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.
      Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.03.01 № 109 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілетін, консультациялық – диагностикалық көмектің жоспарланған көлемін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.
      Ескерту. 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.03.01 № 109 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил оказания консультативно-диагностической помощи

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 633. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 ноября 2009 года № 5923. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 394

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 06.06.2012 № 394.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 6.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 46 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания консультативно-диагностической помощи.
      2. Департаменту стратегии и развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Айдарханов А.Т.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 сентября 2006 года № 433 "Об утверждении Правил оказания консультативно-диагностической помощи" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4425, опубликованный в "Юридической газете" от 2 ноября 2006 года № 192 (1172).
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Вощенкову Т.А.
      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Ж. Доскалиев

Утверждены          
приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан    
от 2 ноября 2009 года № 633 

Правила
оказания консультативно-диагностической помощи

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания консультативно-диагностической помощи определяют порядок оказания консультативно-диагностической помощи гражданам в организациях здравоохранения (далее - Правила).
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) консультативно-диагностическая помощь - специализированная или высокоспециализированная медицинская помощь без круглосуточного медицинского наблюдения;
      2) специализированная медицинская помощь - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами при заболеваниях, требующих специальных методов диагностики, лечения и медицинской реабилитации;
      3) высокоспециализированная медицинская помощь - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами при заболеваниях, требующих использования новейших технологий диагностики, лечения и медицинской реабилитации в медицинских организациях;
      4) профильный специалист - медицинский работник с высшим медицинским образованием, имеющий сертификат по определенной специальности;
      5) специалист первичной медико-санитарной помощи - участковый терапевт, педиатр, врач общей практики, фельдшер, акушер, акушер-гинеколог, оказывающие доврачебную или квалифицированную медицинскую помощь без круглосуточного медицинского наблюдения (далее - специалист ПМСП);
      6) пациент - физическое лицо, являющееся (являвшееся) потребителем медицинских услуг.
      3. Задачами консультативно-диагностической помощи являются:
      1) обеспечение специализированной и высокоспециализированной медицинской помощи;
      2) повышение качества и доступности консультативно-диагностической помощи;
      3) совершенствование технологии и внедрение в практику обоснованных и эффективных новых форм работы и методов лечебно-диагностического процесса;
      4) обеспечение своевременной диагностики заболеваний на амбулаторном этапе с целью сокращения сроков пребывания больных в стационаре.

2. Порядок оказания консультативно-диагностической помощи

      4. Консультативно-диагностическая помощь оказывается путем предоставления профилактических, диагностических и лечебных услуг.
      5. Оказание консультативно-диагностической помощи профильным специалистом осуществляется по направлению специалиста ПМСП.
      6. Экстренная консультативно-диагностическая медицинская помощь, оказывается бесплатно независимо от факта территориального прикрепления.
      7. Консультативно-диагностическая помощь профильным специалистом оказывается в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области здравоохранения.
      8. Специалисту ПМСП, направившему пациента на консультацию, профильный специалист предоставляет консультативно-диагностическое заключение, в котором указывает результаты проведенного обследования и лечения, а также рекомендации по дальнейшему ведению пациента.
      9. Профильный специалист или специалист ПМСП осуществляет дальнейшее наблюдение за пациентом после выписки из стационара в зависимости от его состояния и характера рекомендации.
      10. При оказании консультативно-диагностической помощи медицинские организации обеспечивают:
      1) применение методов профилактики, диагностики и лечения, а также лекарственных средств, зарегистрированных в Государственном реестре лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники и разрешенных к медицинскому применению в Республике Казахстан;
      2) проведение мероприятий по предупреждению, диагностике и лечению заболеваний, представляющих опасность для окружающих, а также профессиональных заболеваний; V090005908V090005907
      3) предоставление гражданам бесплатной, оперативной и достоверной информации о формах и видах медицинской помощи;
      4) соблюдение нормативных правовых актов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и гигиенических нормативов;
      5) формирование здорового образа жизни;
      6) взаимодействие с другими организациями здравоохранения и преемственность в своей деятельности;
      7) ведение первичных медицинских документов, представление отчетов.
      11. Планируемые объемы консультативно-диагностической помощи, оказываемые за счет средств республиканского бюджета, в том числе мобильными бригадами, определяются администратором бюджетных программ.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 11 в соответствии с приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 01.03.2011 № 109 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. Планируемые объемы консультативно-диагностической помощи, оказываемые за счет средств местного бюджета в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи определяются администратором бюджетных программ.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 12 в соответствии с приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 01.03.2011 № 109 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).