Медициналық көмектің түрлері мен көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 796 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5955 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 38,  45-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                  Б. Садықов

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының  
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 796 бұйрығына 1-қосымша

Медициналық көмектің түрлері мен көлемі

1. Дәрігерге дейінгі медициналық
көмектің түрлері мен көлемі

      1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері:
      1) диагностикалық іс-шараларды:
      бойды, салмақты, бастың шеңберін, кеуде шеңберін өлшеуді;
      дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, ірі тамырдың пульсациясын (соғуын) анықтауды;
      құлақтың естігіштігін, көздің жітілігін, көзішілік қысымды (тонометрия) анықтауды;
      жүкті әйелдердің ішінің шеңберін, жамбас мөлшерін, Соловьев индексін, жатыр түбінің биіктігін өлшеуді;
      жүкті әйелдердің мерзімін, іштегі нәрестенің алда жатуын, іштегі нәрестенің орналасуын, іштегі нәресте жүрегінің соғысын, жасырын ісінулерді анықтауды;
      клиникалық талдауларды алу және тест-жүйе (экспресс-диагностика) болған жағдайда зертханалық зерттеулер жүргізуді;
      электрокардиограммаға түсіру – ЭКГ;
      2) емдік шараларды:
      теріге, тері астына, бұлшық етке, венаға дәрі құю және инфузия жасауды;
      Операциядан кейінгі жараларды таңу, жараларды өңдеу, аклюзиялық және асептикалық таңуларды салу;
      Коллапс, шок (анафилаксиялық, кардиогендік, сепсистік, травмалық) жағдайында, жүрек қатты ауырғанда, невралгия кезінде, жүрек тоқтап қалғанда, дем тоқтап қалғанда, мидың қан айналымы жіті бұзылғанда, гипертониялық криз кезінде, қан кеткенде, уланғанда, күйген кезде, бронхоспазм, гипергликомея немесе гипогликемиямен байланысты жағдайларда, кенеттен зәр шықпай қалғанда, іш қатпасы кезінде, жіті психологиялық бұзылыстар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
      аяқ-қол және омыртқа бағанасының жарақаты кезінде иммобилизациялау, сүйек сынған жағдайда шендеу, таңу, қан тоқтатқыш бұрау салуды;
      дәрігердің тағайындауы бойынша емшаралар жасауды;
      босандыруды;
      физитерапиялық емшараларды;
      массаждың негізгі және көмекші тәсілдерін жасауды;
      түрлі аурулармен ауыратын пациенттерге арналған емдік денешынықтырудың үлгілік кешенін құруды;
      3) аурудың профилактикасы:
      салауатты өмір салтын қалыптастыруды;
      әйелді босануға және оның отбасы мүшелерін баланың тууына дайындау мақсатында босанғанға дейінгі патронаждауды;
      жас балалардағы аурулардың профилактикасы және олардың денсаулығын жақсарту мақсатында жас балаларды патронаждауды қамтиды.
      2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетімдер бойынша анықталады.

2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемі

      3. Білікті медициналық көмектің түрлері: V030002521
      1) жалпы дәрігерлік практика;
      2) терапия;
      3) педиатрия;
      4) хирургия;
      5) акушерия және гинекология.
      4. Білікті медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетімдер бойынша анықталады.

3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің
түрлері мен көлемі

      5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің түрлері: V090005953
      1) ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
      2) амбулаториялық деңгейде емдеу;
      3) стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, үйдегі стационар);
      4) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу (уақытша еңбекке жарамсыздық парағын, анықтама беру);
      5) профилактикалық тексерулер;
      6) иммунизация;
      7) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
      8) дұрыс және тиімді тамақтану туралы ұсыныстар;
      9) отбасын жоспарлау; V090005873
      10) жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде жаңа туған сәбилерді патронаждау;
      11) диспансерлеу және динамикалық бақылау.
      6. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностикалау және емдеу стандарттарына (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.

4. Мамандандырылған медициналық көмектің
түрлері мен көлемі

      7. Консультативтік-емханалық және стационарлық көмек көрсететін көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлердің мамандықтарына байланысты көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді.
      8. Терапиялық бейінде: терапия, аллергология, гастроэнтерология, гематология, нефрология, кардиология, ревматология, пульмонология, эндокринология, психиатрия, психотерапия, медициналық психология, неврология, терапиялық стоматология, сексопатология, реабилитология, профпатология, еңбек терапиясы, наркология, фтизиатрия, геронтология, гериатрия, гирудотерапия, токсикология, емдік денешынықтыру, диетология, рентгенология, Су-джок-терапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, гомеопатия, дерматовенерология, дерматокосметология, жұқпалы аурулар, иммунология, лепрология, медициналық генетика қамтылады.
      9. Хирургиялық бейінде: хирургия, нейрохирургия, кардиохирургия, онкология, травматология және ортопедия, камбустиология, урология, андрология, оториноларингология, офтальмология, проктология, маммология, хирургиялық стоматология, ортодонтиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, жақ-бет хирургиясы, трансплантология, экстракорпоралдық детоксикация, гипербариялық оксигенация, токсикология, анестезиология-реаниматология, клиникалық трансфузиология қамтылады.
      10. Педиатриялық бейінде: педиатрия, балалар офтальмологиясы, балалар оториноларингологиясы, балалар пульмонологиясы, фтизиопедиатрия, балалар кардиоревматологиясы, балалар гастроэнтерологиясы, балалар нефрологиясы, балалар және жасөспірімдер гинекологиясы, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы, балалар хирургиясы, балалар нейрохирургиясы, балалар эндоскопиясы, балалар травматологиясы және ортопедиясы, балалар камбустиологиясы, балалар трансплантологиясы, балалар экстракорпоралдық детоксикациясы, балалар аллергологиясы, медициналық генетика, балалардағы жұқпалы аурулар, балалар иммунологиясы, балалар онкологиясы, балалар гематологиясы, балалар неврологиясы, балалар эндокринологиясы, балалар психиатриясы, балалар психотерапиясы, балалар токсикологиясы, балалар гипербариялық оксигенациясы, балалар стоматологиясы, оның ішінде ортопедия және ортодонтия, балалар жақ-бет хирургиясы, балалар урологиясы, балалар дерматовенерологиясы, жасөспірімдер наркологиясы, жасөспірімдер терапиясы, экстракорпоралдық детоксикациясы, балалар оңалтуы, неонатология қамтылады.
      11. Акушериялық-гинекологиялық бейінде: гинекология, акушерия қамтылады.
      12. Мамандырылған медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностикалау және емдеу стандарттарына (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.

5. Жоғары мамандандырылған медициналық
көмектің түрлері мен көлемі

      13. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлері терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді.
      14. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі ЖММК Тізбесіне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (медициналық қызметкер анықтамалығына операциялар мен манипуляциялар, дәрі–дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар  сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау мен емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы 
N 796 бұйрығына 2-қосымша 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмектің түрлері мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 705 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 2530 тіркелген).
      2. "Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін және оның түрлері мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 2609 тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2004 жылғы 10 қаңтардағы N 1-2 (157-158) санында жарияланған).
      3. "Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін және оның түрлері мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 18 мамырдағы N 240 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 3670 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 ж. 8 қыркүйектегі N 10 (724) санында жарияланған).
      4. "Дәрігерге дейінгі медициналық көмек түрлерінің тізбесі мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 134 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2007 жылғы 16 наурызда N 4575 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 ж. 25 сәуірдегі N 62 (1091) санында жарияланған).

Об утверждении видов и объемов медицинской помощи

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 796. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 декабря 2009 года № 5955. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 394

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 06.06.2012 № 394.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 6.

      В соответствии со статьями 3845 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить виды и объемы медицинской помощи согласно приложению 1 к настоящему приказу.
      2. Департаменту стратегии и развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Айдарханов А.Т.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить в установленном законодательством порядке официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.
      4. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Вощенкову Т.А.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Б. Садыков

Приложение 1 к приказу   
И.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан     
от 26 ноября 2009 года № 796

Виды и объем медицинской помощи

1. Виды и объем доврачебной медицинской помощи

      1. Доврачебная медицинская помощь включает в себя следующие виды:
      1) диагностические мероприятия:
      измерение роста, веса, окружности головы, окружности груди;
      измерение температуры тела, артериального давления, определение пульсации на магистральных сосудах;
      определение остроты слуха, остроты зрения, внутриглазного давления (тонометрия);
      измерение у беременных женщин окружности живота, размеров таза, индекса Соловьева, высоты стояния дна матки;
      определение у беременных женщин срока беременности, предлежания, положения, позиции, сердцебиения плода, скрытых отеков;
      взятие клинических анализов и выполнение лабораторных исследований при наличии тест-систем (экспресс-диагностика);
      снятие электрокардиограммы (ЭКГ);
      2) лечебные мероприятия:
      перевязка послеоперационных ран, обработка ран и наложение аклюзионных и асептических повязок;
      оказание первой медицинской помощи при коллаптоидных, шоковых состояниях (анафилактическом, кардиогенном, септическом, травматическом), острых болях в сердце, невралгиях, остановке сердечной деятельности, остановке дыхания, остром нарушении мозгового кровообращения, гипертоническом кризе, кровотечениях, отравлениях, ожогах, бронхоспазме, состояниях связанных с гипер- или гипогликемией, острой задержке мочеиспускания, запорах, острых психических расстройствах);
      иммобилизация при травмах конечностей и позвоночного столба, шинирование при переломах костей, наложение повязок, кровоостанавливающих жгутов;
      проведение внутрикожных, подкожных, внутримышечных, внутривенных инъекций и инфузий и других лечебных процедур по назначению врача;
      ведение и прием родов;
      проведение основных и вспомогательных приемов массажа;
      составление примерного комплекса лечебной физкультуры для пациентов с различными заболеваниями;
      3) профилактика заболеваний:
      формирование здорового образа жизни;
      дородовый патронаж беременной женщины с целью подготовки женщины к родам и членов ее семьи к рождению ребенка;
      патронажное профилактическое наблюдение детей раннего возраста с целью сохранения и укрепления здоровья и профилактики болезней детского возраста.
      2. Объем доврачебной медицинской помощи определяется в соответствии со стандартами в области здравоохранения (справочники услуг, операций и манипуляций, медикаментов и изделий медицинского назначения). При отсутствии стандартов, объем диагностических и лечебных мероприятий определяется по медицинским показаниям.

2. Виды и объем квалифицированной медицинской помощи

      3. Виды квалифицированной медицинской помощи:
      1) общая врачебная практика;
      2) терапия;
      3) педиатрия;
      4) хирургия;
      5) акушерство и гинекология.
      4. Объем квалифицированной медицинской помощи определяется в соответствии со стандартами в области здравоохранения (справочники услуг, операций и манипуляций, медикаментов и изделий медицинского назначения). При отсутствии стандартов, объем диагностических и лечебных мероприятий определяется по медицинским показаниям.

3. Виды и объем первичной медико-санитарной помощи

      5. Виды первичной медико-санитарной помощи: V090005953
      1) диагностика с целью раннего выявления заболеваний;
      2) лечение на амбулаторном уровне;
      3) стационарозамещающая помощь (дневной стационар, стационар на дому);
      4) экспертиза временной нетрудоспособности (выдача листа, справки о временной нетрудоспособности);
      5) профилактические осмотры;
      6) иммунизация;
      7) формирование и пропаганда здорового образа жизни;
      8) рекомендации по рациональному и здоровому питанию;
      9) планирование семьи; V090005873
      10) патронаж беременных, детей, в том числе новорожденных;
      11) диспансеризация и динамическое наблюдение.
      6. Объем первичной медико-санитарной помощи определяется в соответствии со стандартами в области здравоохранения (справочники услуг, операций и манипуляций, медикаментов и изделий медицинского назначения). При отсутствии стандартов, объем диагностических и лечебных мероприятий определяется по медицинским показаниям.

4. Виды и объем специализированной медицинской помощи

      7. В многопрофильных организациях здравоохранения, оказывающих консультативно-диагностическую и стационарную помощь, в зависимости от врачебных специальностей, виды специализированной медицинской помощи подразделяются на терапевтический, хирургический, педиатрический и акушерско-гинекологический профили.
      8. Терапевтический профиль включает: терапию, аллергологию, гастроэнтерологию, гематологию, нефрологию, кардиологию, ревматологию, пульмонологию, эндокринологию, психиатрию, психотерапию, медицинскую психологию, неврологию, терапевтическую стоматологию, сексопатологию, реабилитологию, профессиональную патологию, трудотерапию, наркологию, фтизиатрию, геронтологию, гериатрию, гирудотерапию, токсикологию, лечебную физкультуру, диетологию, рентгенологию, Су-джок-терапию, мануальную терапию, рефлексотерапию, гомеопатию, дерматовенерологию, дерматокосметологию, инфекционные заболевания, иммунологию, лепрологию, медицинскую генетику.
      9. Хирургический профиль включает: хирургию, нейрохирургию, кардиохирургию, онкологию, травматологию и ортопедию, комбустиологию, урологию, андрологию, оториноларингологию, офтальмологию, проктологию, маммологию, хирургическую стоматологию, ортодонтическую стоматологию, ортопедическую стоматологию, челюстно-лицевую хирургию, трансплантологию, экстракорпоральную детоксикацию, гипербарическую оксигенацию, токсикологию, анестезиологию-реаниматологию, клиническую трансфузиологию.
      10. Педиатрический профиль включает: педиатрию, детскую офтальмологию, детскую оториноларингологию, детскую пульмонологию, фтизиопедиатрию, детскую кардиоревматологию, детскую гастроэнтерологию, детскую нефрологию, детскую и подростковую гинекологию, детскую анестезиологию и реаниматологию, детскую хирургию, детскую нейрохирургию, детскую эндоскопию, детскую травматологию и ортопедию, детскую комбустиологию, детскую трансплантологию, детскую экстракорпоральную детоксикацию, детскую аллергологию, медицинскую генетику, инфекционные заболевания у детей, детскую иммунологию, детскую онкологию, детскую гематологию, детскую неврологию, детскую эндокринологию, детскую психиатрию, детскую психотерапию, детскую токсикологию, детскую гипербарическую оксигенацию, детскую стоматологию, включая ортопедию и ортодонтию, детскую челюстно-лицевую хирургию, детскую урологию, детскую дерматовенерологию, подростковую наркологию, подростковую терапию, детскую реабилитологию, неонатологию.
      11. Акушерско-гинекологический профиль включает: гинекологию, акушерство, неонатологию, медицинскую генетику.
      12. Объем специализированной медицинской помощи определяется в соответствии со стандартами в области здравоохранения (справочники услуг, операций и манипуляций, медикаментов и изделий медицинского назначения). При отсутствии стандартов, объем диагностических и лечебных мероприятий определяется по медицинским показаниям.

5. Виды и объем высокоспециализированной медицинской помощи

      13. Виды высокоспециализированной медицинской помощи подразделяются на терапевтический, хирургический, педиатрический и акушерско-гинекологический профили.
      14. Объем высокоспециализированной медицинской помощи устанавливается в соответствии со стандартами в области здравоохранения (справочники услуг, операций и манипуляций, медикаментов и изделий медицинского назначения). При отсутствии стандартов, объем диагностических и лечебных мероприятий определяется по медицинским показаниям.

Приложение 2 к приказу  
И.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан   
от 26 ноября 2009 года № 796

Перечень утративших силу некоторых приказов
Министра здравоохранения Республики Казахстан

      1. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 сентября 2003 года № 705 "Об утверждении видов и объема медицинской помощи в организациях здравоохранения, оказывающих стационарную помощь" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2530).
      2. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2003 года № 863 "Об утверждении Правил оказания специализированной медицинской помощи населению, ее видов и объема" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2609, опубликованный в газете "Официальная газета" от 10 января 2004 года № 1-2 (158-159).
      3. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2005 года № 240 "О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2003 года № 863 "Об утверждении Правил оказания специализированной медицинской помощи населению, ее видов и объема" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3670, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 2 сентября 2005 года № 160-161).
      4. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 февраля 2007 года № 134 "Об утверждении Перечня видов и объема доврачебной медицинской помощи" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 16 марта 2007 года № 4575, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 25 апреля 2007 года № 62 (1265).