Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 34) тармақшасына байланысты, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу Ережесі бекітілсін.
2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.А.Тоқсеитова) заңдылықта белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндеттерін
атқарушы А. Евниев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2009 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 690 бұйрығымен бекітілген
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді қосқанда ветеринариялық-санитариялық талаптарына және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында зертханалық зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алудың біріңғай тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) сұрыптау – сынамалардың қосымшасы, партияның ветеринариялық–санитариялық талаптарына және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден іріктелді;
2) бақылаушы сынама – зерттеуді жүргізетін зертханада сақталатын, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкес келмеген немесе дау туған кезде қайта зерттеуге арналған сынаманың орташа бөлігі;
3) жемшөп – жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсер тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
4) жемшөп қоспалары – жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;
5) зертханалық сынама – (соңғы сынама) бақыланатын объектінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мақсатында нормативтік құжаттармен анықталған зерттеуге жолданатын (зертханаға жеткізілген) тесттік үлгіні жасауға арналған орташа сынама бөлігі;
6) кварттау (ширектеу) әдісі – біріктірілген сынаманы (мұқият араластырғаннан кейін), бірдей төрт бөлікке бөліп, диагональ бойындағы екі ширегін алып, алғашқыдай бірнеше рет қайта төртке бөлу жолымен сынаманың мөлшерін азайтып, өнімнің зертханалық талдауға қажетті мөлшерінде орташа сынамасын құрау тәсілі;
7) конверт әдісі – үйіндіде, қатарда, рет-ретімен орналастырылған көліктік ыдыстардан, немесе онсыз даналанған, немесе ұнтақ күйдегі материалдардан нүктелік сынамаларды алудың сызба нұсқасы. Көліктік құрал бірлігінің, көліктік ыдыстың немесе өнім сақтайтын қойманың көлеміне байланысты өнімнің ортаңғы, төменгі және жоғарғы қабаттарынан сынама алу үшін бір, екі немесе үш конверт әдісі қолданылады;
8) аспа - өнім сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін бөлінген орташа сынама бөлігі;
9) біріктірілген сынама – орташа сынаманы құрастыруға арналған іріктемеден алынған нүктелі сынамалардың жиынтығы;
10) сынама – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден іріктелетін үлгі;
11) партия – бірдей жағдайда бір өндірушімен бір нормативтік құжат бойынша өндірілген (дайындалған), өндіру күні бірдей, бір ілеспе құжатпен ресімделген және бір уақытта жеткізілген бір текті орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері;
12) тұтынушылық ыдыс – ішіндегі өнімімен тұтынушыға дейін жеткізілетін және жеке көліктік ыдыс бірлігін құрамайтын (бөтелке, банка, пакет, стақан, брикет) ыдыс;
13) жануарлардан алынатын өнімдер – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығы өнімдері;
14) жануарлардан алынатын шикізат – жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;
15) орташа сынама – зерттеуді өткізуге арналған біріктірілген сынама бөлігі;
16) нүктелік сынама – біріктірілген сынама жасау үшін бір партиядан бір қабылдауда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің бір жерінен алынған сынама бөлігі;
17) ыдыс – стандарттармен, техникалық шарттармен қарастырылған өнімді орналастыруға арналған элемент (жәшік, барабан, бөшке, цистерна және буып–түюдің басқа түрлері);
18) көліктік ыдыс – жеке көліктік бірлікті (контейнер, қап, қорап, құты) құрайтын өнімдерді орналастыруға арналған орама;
3. Осы Ереженің талаптары тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен және бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен, мемлекеттік ветеринариялық зертханалармен және базарлардың ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларымен қолдану үшін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдаумен, сақтаумен, өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлғалармен орындалуы үшін арналған.
4. Осы Ереже жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына, сондай-ақ патологиялық материалдан, судан, топырақтан және ауадан алынатын сынамаларға таралады.
Ереже алынатын сынамалар көрсеткіштерінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында кешенді зертханалық зерттеулер жүргізу үшін олардың салмағына және санына жалпы талаптар белгілейді, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алудың сапалы, біртекті, халықаралық талаптармен гармонизацияланған, қарапайым, заңды рәсімдерін пайдалану үшін жағдай жасайды.
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу тәртібі
5. Сынама алуды тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, ветеринариялық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық зертхананың ветеринариялық дәрігері, базардың немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасының ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық ведомстволарының бөлімшелерімен құрылатын комиссия жүргізеді. Сынама алуды орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесінің қатысуымен жүргізеді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу:
1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, сондай-ақ жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда экспортқа шығарудың алдында аумақтарда, өндіріс объектілерінің өндірістік үй-жайларында;
2) жануарлардың ауру қоздырғыштарының берілу факторлары бола алатын ыдыстардың, буып-түю құралдарының барлық түрлері бойынша барлық көлік құралдарының түрлерінде;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау бақылауындағы жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
4) мал айдау трассаларында, маршруттарында, тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты жүретін жануарлардың жайылым және су ару аумақтарында;
5) ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты орналастыруда, құруда, қайта құруда және пайдалануға енгізуде мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау бақылауындағы объектінің аумағында;
6) ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары жоқ объектілерді есептемегенде) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізу, сақтау, тасымалдау кезінде ветеринариялық–санитариялық нормалардың бұзылуы белгіленген кезде;
7) ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы бар);
8) сою пункттерінде немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарында;
9) мемлекеттік ветеринариялық зертхана аумағында жүзеге асырылады.
6. Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден сынама алуды:
1) тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Ереженің 5-тармағының 1),2),3),4),5), 6) тармақшаларына сәйкес;
2) ветеринариялық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Ереженің 5-тармағының 2),3),4) тармақшаларына сәйкес;
3) мемлекеттік ветеринариялық зертхананың ветеринариялық дәрігері осы Ереженің 5-тармағының 9) тармақшасына сәйкес;
4) базардың ветеринариялық–санитариялық сараптау зертханасының ветеринариялық дәрігері тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының бақылауымен осы Ереженің 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес;
5) ветеринариялық–санитариялық сараптау зертханасының немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері осы Ереженің 5-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жүргізеді.
7. Комиссия сынама алуды келесі жағдайларда ұйымдастырады және жүргізеді:
1) егер орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сыртқы белгілері бойынша сырттан тексеріп қарауын және бірдейлендіруін жүргізу кезінде ветеринариялық құжаттар болмаса немесе партия оларға сәйкес келмесе;
2) сынама алу бойынша дау туған кезде, ветеринариялық зертхананың сараптама нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі кезінде қайта сараптама жүргізу туралы актінің негізінде. Ветеринариялық зертхананың қайта сараптау нәтижелері соңғы болып табылады және барлық партияға таралады;
3) иесі жасырынғанда немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден бас тартқанда;
4) экспорттаушы тарап орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні кейін енгізу үшін оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізуге шақырады.
8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ашудың алдында сыртынан тексеріп қарайды, оның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін анықтайды. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу келесі кезеңдерден тұрады:
1) шикізат өнімі партиясының біртектілігін анықтайды;
2) іріктеме (сынама) көлемін құрайды;
3) нүктелі сынамалар алады және біріккен сынама құрайды;
4) ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізу үшін орташа және бақылау сынамасын бөліп алады;
5) алынған сынамаларды буып-түйеді, пломбалайды немесе сүргі салады.
Іріктеме (сынама) біртекті өнімнің белгіленген партиясының тек зақымдалмаған буып-түю бірліктерінен алынады.
9. Микробиологиялық бақылау үшін сынаманы таза, стерильді ыдысқа іріктейді. Органолептикалық, физико-химиялық талдаулар үшін сынамаларды таза, құрғақ, бөгде иісі жоқ, тиісті сыйымдылығы мен формасы бар сынамаларды талдауға дайындау үшін ыңғайлы ыдысқа іріктейді. Ыдысты қыртысты, пластмасс немесе фольгаға оралған резеңке тығынмен немесе қақпақпен жабады.
10. Пестицидтердің, антибиотиктердің, уытты элементтердің және радионуклеидтердің, микотоксиндердің қалдық мөлшерін бақылау үшін бірнеше сатылы сынама алуды (іріктемелерді) жүргізеді.
Сатылар саны орама түрімен анықталады.
1 саты: көлік ыдысының бірліктерін іріктеу (жәшіктер, қораптар, қаптар, бөшкелер);
2 саты: көлік ыдысына салынған орау бірлігін және тұтынушы ыдысының бірлігін (пакеттерді, банкаларды) іріктеу;
3 саты: орау бірлігінен (тұтынушы ыдысының) өнімді іріктеу және біріктірілген іріктемені (сынаманы) құрау. Іріктелген іріктеме бірліктерінен нүктелік сынаманы іріктейді, жиынтық сынаманы құрайды және орташа сынаманы бөліп алады.
11. Бірліктерді іріктеуді (үлгілер, нүктелік сынамалар) мөлшері мен салмағы біріктірілгенді құрастыру және орташа сынаманы бөліп алу үшін жеткілікті болатындай жүргізеді. Орташа сынаманың үлкендігі (салмағы, көлемі) одан бақылаушы және зертханалық сынамаларды алу үшін жеткілікті болуы қажет. Өнім көрсеткіштерінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін орташа сынаманың массасы бақыланатын көрсеткіштерінің санына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген зерттеудің қолданылатын әдістеріне тәуелді.
12. Жануарлардан алынатын өнімдерді іріктеуде олардың және жемшөптердің ветеринариялық–санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігінің көрсеткішіне ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізуде сынама іріктеуді жүргізетін тұлға осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген нормаларды басшылыққа алады.
13. Сынамалар алу үшін тот баспайтын болаттан, қалайыдан немесе тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін рұқсат етілген полимерлі материалдардан дайындалған төмендегі келесі құрал-саймандар қолданылады:
1) әр түрлі конструкциялы пышақтар;
2) қайшылар, пинцет;
3) сұйық, сусымалы өнімдер үшін сүңгі тәрізді сынама алғыштар;
4) қасықтар, сүңгі, шөміш, кружка, 200 граммға дейін сыйымдылығы бар ожаулар;
5) шыны бойынша қарандаш, пастер пипеткалары, резеңке тығыны бар шыны түтіктер, кружкалар, стақандар, нормативтік құжаттарға сәйкес келетін әртүрлі диаметрі мен ұзындығы бар металл және пластмасс құбырлар;
6) жалпы мақсаттағы зертханалық және техникалық таразылар;
7) қажетті сыйымдылығы, герметикалық жабылатын тығыны мен қақпағы бар шыны немесе синтетикалық материалдардан жасалған ыдыстар;
8) полимерлі материалдардан жасалған пакеттер, пергамент қағазы, фольга және басқа тамақ өнімдерін буып-түю және сақтау үшін рұқсат етілген буып–түю материалдары;
9) орақ, пышақ, күрекшелер;
10) қабырғалары қисайған ағаш планктері.
14. Іріктелген сынамалар жылдам бұзылатын өнімдер үшін 24 сағаттан және басқалары үшін 36 сағаттан артық емес мерзімде осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ілеспе жазба және сынама алу актісімен ветеринариялық зертханаларға жолданады (бұдан әрі – Акт).
15. Ағуына, кебуіне, ыдырауына, өзара ластануына қарсы іс-шараларды сақтай отырып, сынамаларды ветеринариялық зертханаға жеткізіледі. Сынамаларды тасымалдау процессінде үлгілердің бөгде иістермен ластануын, тура күн сәулесінің түсуін болдырмауға, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтық іс-шараларды сақтайды. Жылдам бұзылғыш өнімдердің сынамалары тоңазытқыш-сөмкеге салынады немесе құрғақ мұзбен қоршалады. Әр сынаманы өнімнің түрі, сынама массасы, сынаманы алған күні мен орны, сынама алуды жүргізген тұлғаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тегі және аты-жөні көрсетілетін заттаңба және жапсырмамен (зерттеулер соңына дейін сақталатын) қамтамасыз етеді.
16. Бақылаушы сынама сынама алу процессінде сол орында стерильді контейнерге алынады және пломбаланған (сүргі салынған) күйінде зерттеуді жүргізген ветеринариялық зертханада сақталады. Бақылаушы сынамалардың сақталу мерзімі зертханалық зерттеулер аяқталған сәттен бастап 14 тәуліктен кем емес, ал белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін үлгілер үшін зерттеу мақсатына, сараптама бойынша қорытынды нәтижелерін және сынақ хаттамасын алуына байланысты үш айдан артық емес. Жылдам бұзылатын өнімдер үшін сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерінің (органолептикалық және микробиологиялық) реті үшін оның қолдану мерзімінен артық бола алмайды.
17. Ветеринариялық зертханаларда зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынама алу белгіленген нысан бойынша Акт құрумен ресімделеді. Акт үш данада толтырылады: бірінші данасы сынамалармен бірге ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған, екіншісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, сынама алу актісінің үшінші данасы өнімнің иесіне немесе оның өкіліне беріледі.
3. Жануарлардан алынатын өнімдерден сынама алу
18. Сойылатын жануарлардың барлық түрлерінің етінен (сиыр еті, қой еті, шошқа еті және ауыл шаруашылығы мен үй қоянынан, құстан, балықтан басқа кәсіптік жануарлардың барлық түрі) сынама алу келесі тәртіппен жүргізіледі.
Ұшалар мен жартылай ұшалардан еттің (майсыз) нүктелік сынамаларын стерильді, кесу орнын алдын-ала күйдіргеннен кейін 200 граммнан кем емес тұтас кесектермен келесі орындардың біреуінен - кесілген жерінің жанынан, жауырын алаңынан, сан маңайындағы жуан бұлшық еттерден алады.
Ет балаусалығын анықтаудың органолептикалық әдістерін анықтау үшін салмағы 200 граммнан кем емес орташа сынама бөліп алатын бірлескен сынама құрастырады.
Сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау үшін дозиметриялық бақылау сынаманы алмай дозиметриялық аспаптар көмегімен жүргізіледі.
Радиациялық бақылаудың спектрометриялық аспаптарымен уытты заттарды, антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау үшін біріккен сынамадан салмағы 1 килограмнан кем емес орташа сынама алады.
Микробиологиялық көрсеткіштерге алдыңғы және артқы аяқтарының иілдіргіш және жазғыш бұлшық еттерінің 8*6*6 көлеміндегі бөлігін, лимфа түйіндерін тұтастай (мойын беткейіндегі және тізедегі оларды қоршаған ұлпаның қатпарынан), түтік тәрізді сүйекті (қажет болған кезде) алады, біріккен сынама құрастырады, зерттеу жүргізу үшін 250 грамм орташа сынама бөліп алады.
Трихинеллезге зерттеу үшін әр ұшаның диафрагма шетінен екі сынама үлгілерін, ал олар болмаған жағдайда диафрагманың қабырға бұлшық еті бөлігінен, қабырға аралық бұлшық етінен және мойын бұлшық етінен алады.
Ет және субөнімдерінің мұздатылған блоктарынан үлгілерді салмағы 200 граммнан кем емес тұтас кесектермен алады. Еттің мұздатылған блоктарының сапасына, салмағына және температурасына бақылау тексерісі үшін буып-түю орындарының 10%-на іріктеуді жүргізеді, бірақ әр партиядан 10-нан кем емес орындардағы кеуде және сан бұлшық еттерінің қалыңынан температурасының шкаласы 0-ден 1000С-қа дейінгі сұйықтық термометрлермен (сынаптық емес) температурасын өлшейді.
Ет комбинаттарында, тоңазытқыштарда және уақытша сақтау қоймаларында іріктеуге ірі қара малдың 10%-дан артық емес ұшаларын (жартылай ұшаларын), қой ұшаларының 5%, шошқалардың және мұздатылған және суытылған ет блоктары мен субөнімдерінің 2% енгізеді. Мұздатылған және тоңазытылған ет және субөнімдерінің (бауыр, бүйрек, өкпе және т.б.) блоктарынан нүктелі сынамаларды да 200 граммнан кем емес бүтін кесектермен алады. Алынған нүктелі сынамалардан осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес орташа сынама қалыптастырады.
19. Ерітілген жануарлардан алынатын май партиясынан сынама алу үшін партияның 10 % құрайтын, бірақ 5 буып-түю бірлігінен кем емес іріктеме жасайды. Тұтыну орамасына буып-түйілген май партиясының әр 100 бірлігінен бір орама бірліктен алады. Кесектердегі, стақандардағы, банкалардағы және басқа да тұтынушы орамдарындағы бір орамадан 50 грамм мөлшерінде нүктелі сынамалар алады. Нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, кейін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орташа сынама бөліп алады.
20. Тауық, үйрек, үй қоянының етінен сынама ұшалармен немесе жартылай ұшалармен, қаз және күрке тауықтан ширек ұшалармен алынады. Құс ұшаларын сатуға жеткізілетін партиядан кездейсоқ таңдау әдісімен алады. Нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, нормаларды басшылыққа алып, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес біріккен сынамадан құстардың, үй қояндарының сынамаларының орташасын бөліп алады.
Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін іріктелген қораптардан үш үлгі (ұша) алады.
Органолептикалық бағалау кезінде: сыртқы түрі мен тұмсығының түсі, ауыз қуысының, көз алмасының, ұша беткейінің, кеуде-құрсақ серозды қабығының кілегей қабығы сынама алмай сыртқы тексеріп қараумен анықталады. Хош иістілігі мен сорпасының мөлдірлігін анықтау үшін құс етінен құстың 70 грамм бұлшық ет ұлпасын, үй қоянының етінен үй қоянының 25 грамм бұлшық ет кесегін алады.
Спектрометриялық аспаптармен радиациялық бақылауды жүргізу үшін нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, одан 1 кг-нан кем емес орташа сынама бөліп алады.
Радиациялық бақылау жүргізу үшін нүктелік сынамалардан біріккен сынама құрайды, одан 1 килограмнан кем емес орташа сынама бөліп алады.
Фермада сынама алу кезінде іріктеме көлемі тауықтар, үйректер үшін үш ұшадан кем емес және қаздар мен күрке тауықтарда үштен кем емес жартылай ұшаларды құрайды.
21. Сұйық балдан сынама алуды диаметрі 10 - 12 миллиметр сынама алатын алюминь түтіктермен, қою балдан - 100 грамм нүктелі сынаманы әр түрлі қабаттардан майға арналған сүңгілермен жүргізеді. Біріккен сынаманы нүктелі сынамалардан құрайды, кейін салмағы 1 килограммнан кем емес орташа сынаманы бөліп алады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бал партиясынан буып-түю бірліктерінің іріктемесін құрайды.
22. Сынама алудың алдында ыдыстардағы сүтті мұқият араластырады. Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сапасын бақылау үшін 250 мл нүктелі сынама алады, орташа сынаманың көлемі 1 литрды құрайды.
Уытты заттардың, антибиотиктердің қалдық мөлшерінің бар болуының радиациялық бақылауын жүргізу үшін біріккен сынамадан салмағы 2 литрден кем емес орташа сынама алады.
Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің сапасын физико–химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау үшін өнімнің әр партиясынан біріккен сынама алады. Біріккен сынаманың көлемі 1,5 литрден артық емес.
Құтыларда шығарылатын сүт, қаймақтан 5% іріктеуге жатады. Сынама алар алдында сүтті піспекпен араластырады. Сынаманы металл түтікпен, оны құтының түбіне дейін түсіріп алады. Сынаманы іріктеуге түскен әр құтыдан зерттелетін өніммен шайылатын таза ыдысқа көшіреді және содан араластырғаннан кейін көлемі 500 куб.сантиметр көлемінде орташа сынама бөліп алады.
Көліктік ыдыстағы сүттің, қаймақтың партиясынан іріктеме көлемі өнімі бар көліктік ыдыс көлемінің 5 % құрайды. 20 бірліктен кем емес партия болған жағдайда бір орама бірлігін алады.
Тұтынушы ыдысындағы (бөтелкелер, пакеттер) сүт өнімдерінен сынама алу кезінде буып-түю деректері нүктелі сынамалар болып табылады.
Тұтынушы ыдысындағы сүт, қаймақ партиясынан іріктеме құрау кезінде біріккен сынаманы бөліп алу, орташа сынаманы құрау үшін осы Ереженің 5-қосымшасына көрсетілген нормаларды басшылыққа алады.
Май, сүзбе, сүзбе ірімшік, үйде дайындалған қышқыл сүт өнімдерінен нүктелі сынамаларды өнімнің әр түрлі қабаттарынан: қаймақты - 15 грамм, майды - 10 грамм, сүзбені, сүзбе ірімшікті - 20 грамм, қышқыл сүт өнімдерін - 50 миллилитр мөлшерінде алады.
23. Жұмыртқалардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін партиядан буып-түю бірліктерін іріктеуді жүргізеді. Партиядағы буып-түю бірліктерінен жұмыртқа іріктемесін құрау кезінде біріккенді құрау және одан орташа сынама алу үшін осы Ереженің 6-қосымшасының 1 кестесіне сәйкес нормаларды басшылыққа алады.
Партиядағы даналар санынан жұмыртқа іріктемесін алу кезінде біріккен, кейін орташа сынама құрау үшін осы Ереженің 6-қосымшасының 2 кестесінде көрсетілген нормаларды басшылыққа алады.
Үй жұмыртқаларынан әр түрлі нүктелерден: 50-ге дейін - 4 дана, 100-ге дейін - 6 дана, 1000-ға дейін - 10 дана, 2000-ға дейін - 15 дана, 3000-ға дейін - 20 дана мөлшерінде сынама алады.
Құрғақ жұмыртқа өнімдерін алу кезінде әр буып - түю бірлігінен алынған үштен кем емес нүктелі сынама алады, нүктелі сынаманың салмағы 200 граммнан артық емес біріккен сынама құрайды, осы Ереженің 6-қосымшасының 3 кестесінде көрсетілген нормаларды басшылыққа алып орташа сынаманы бөліп алады.
24. Балық және балық өнімдерінен сынамалар партияны барынша сипаттайтын әр түрлі орындардан алынады, іріктемеге орамдардың 10% енгізіледі. Тірі, балауса, салқындатылған партияны бақылау үшін балықтың массасы бойынша 1-2% алады. Зерттеуге балықтың барлық түрлері жатқызылады.
Балықтың ұсақ даналарынан нүктелі сынамалар бүтін ұшалармен: бір балықтың салмағы 100 граммға дейін болса - әр орамадан 5 - 7 дана, бір балықтың салмағы 1 килограмға дейін болса - әр орамадағы 1-2 балықтан 100 граммнан 2 сынама мөлшерінде, бір балықтың салмағы 1 кг-нан артық болса - 3 балықтан әр қайсысынан басынан арқа бөлігіне дейінгі ені 5 сантиметр жеке кесектер алынады, 1 килограмнан кем емес, қымбат балықтар үшін 500 граммнан артық емес орташа сынама бөліп алады.
Описторхозға зерттеу үшін әр қайсысының ені арқа бөлігінен 5 сантиметрді құрайтын жеке кесектер алады.
25. Кептірілген және мұздатылған ұсақ креветкалардың, крильдің, кальмардың, трубачьтың біріккен сынамасынан орташа сынама 1 килограмнан артық болмауы қажет.
26. Мұздатылған креветкалардың, крильдің, кальмардың, трубачь пен кептірілген омыртқасыздардың біріккен сынамасынан орташа сынама 1 килограмнан артық болмауы қажет.
27. Мұздатылған балықтан сынама алу кезінде - 1С температураға дейін ерітеді. Салмағы 1 килограмнан артық емес ұсақ балықты талдау үшін мүшелемей алады, ал салмағы 1 килограмнан артық балықты ұзындығы 5 сантиметрден артық емес немесе 200 граммнан артық емес кесектерге мүшелейді. Көліктік орамалардағы балық және балық өнімдерінен біріккен сынама, орташа сынама құрау үшін осы Ереженің 7-қосымшасында көрсетілген нормаларды басшылыққа алады.
28. Нетто салмағы 500 грамм және одан кем банкаларға буып-түйілген уылдырық үшін өнім партиясынан бес банка алады. Әр алынған банканың әр түрлі жерінен біріккен сынама құрайтын үш нүктелі сынамалар алады, одан салмағы 400 грамм орташа сынама бөліп алады.
29. Бактардағы уылдырық үшін салмағы 5 килограммнан артық бір банка алады. Әр түрлі жерлерден біріккен сынама, салмағы 400 грамм орташа сынама бөлініп алынатын нүктелі сынамалар алады.
4. Жануарлардан алынатын шикізаттан сынама алу
30. Сапасын анықтау үшін ішек-қарын партиясынан 2% -дан кем емес тауарлы бірлік (буда, байлам, тізбек) алынады.
31. Бумаларға буып-түйілген жүн партиясынан сұрыптауға бумалардың 10% алынады. Біріккен сынаманы әрқайсысының салмағы 50 граммнан артық емес, әр саңылаудан қолмен алынған нүктелі сынамалардан құрайды. Біріккен сынамадан салмағы 1 килограммнан кем емес орташа сынама бөліп алады.
5. Жемшөп пен жемшөп қоспаларынан сынама алу
32. Егер жасыл масса жануарларды азықтандыруға арналса, сондай-ақ улы өсімдіктермен, нитраттармен, пестицидтердің қалдықтарымен улануға күдік туған кезде жасыл жемшөп сынамаларын жайылым, шабындық, жемшөп дақылдарының телімдерінен алады. Сынама алуды телімнің 10-нан кем емес нүктесінен алады. Нүктелі сынамаларды жақсылап араластырады, тегіс қабатпен және кішкентай будалармен төсейді, кейін сынамаларды біріктіреді және салмағы 1 килограмм орташа үлгі алады. Шабындықта үлгілерді әр шабудан алады. Ол үшін әр телімнен ауданы 1-2 шаршы метр 10-нан кем емес орман бөлімін бөліп алады, оған жерден 5 сантиметр биіктіктегі шөп шабады. Нүктелі сынамаларды алуды шықтан кейін және күннің батуына дейін құрғақ ауа райында жүргізеді, әр орман бөліміндегі шалғы жолынан 10-нан кем емес орыннан уыстап шөп алады.
33. Шөпті маяның әр түрлі деңгейінен 0,5 - 1 метр биіктіктен бастап кем дегенде 10 нүктеден алады. Нүктелі сынаманың салмағы 200 - 250 граммды құрауы қажет. Маяланған шөптің әр 5 тоннасынан салмағы 1 килограммнан кем емес біріккен сынама алады.
34. Сүрлем, пішендеме сынамаларын сақтауға (консервациялау процессі аяқталған соң) қойғаннан кейін 1 айдан ерте емес және жегізіп бітіргенге, өткізгенге немесе басқа шаруашылықтарға сатқанға 10-нан кем емес күнде дейін алады. Жануарлардың сүрлеммен немесе пішендемемен улануына күдік туған жағдайда сынаманы бұндай жағдайлар пайда болғаннан кейін тез арада алады.
Нүктелі сынамаларды қабаттың бар тереңінен сынама алғышпен алады. Сүрлемнен сапалық талдауға сынама алу кезінде негізгі массадан түсі бойынша қатты өзгешеленетін үстіңгі қабатын (бүлінген) алдын ала алып тастайды және үлгіге қоспайды, улануға күдік туған жағдайда жеке алады. Әр қоймадан кем дегенде үш сынама алады. Ашық тік қойылған жақтары бар траншеялы сынама алу нүктелерін бір-бірінен тең ара қашықтықта диоганал бойынша орналастыру ұсынылады: біреуі траншеяның ортасында және екеуі қабырғадан (шетінен) 0,5 метр ұшында және бесеуі - қондырғылардың тік қойылған жақтарында болуы қажет; бүйірлік тік қойылған жақтары бар траншеяларда – қабырғадан 0,5 метр. Біріккен сынаманы үлдір немесе брезентке орналастырады және мұқият және тез араластырғаннан кейін бірнеше жерден салмағы 1 килограмм шамасында орташа сынама таңдап алады. Орташа үлгіні банкаларға салады, хлороформ және толуол (1:1) қоспасын қосады, және оны бірдей бөліктермен 1 килограмм массасына 5 милилитр есебімен ыдыстың түбіне, ортасына және үстіне енгізеді, тығын немесе қақпақтарымен нығыздап жабады.
35. Қоймалар мен алаңдарда 1,5 метрге дейінгі биіктікте сақталатын бидайдан, арпадан, сұлы жармасынан нүктелі сынамалар бұрап кигізілетін штангалары бар қол сүңгісімен алынады. Үйіндінің үстіңгі қабатын секцияларға бөледі (әр қайсысы жобамен 200 м2). Сынамаларды қойма қабырғасынан (алаң шетінен) және секцияның шекарасынан 1 метр қашықтықтан алты нүктеден бір-бірінен бірдей қашықтықтан алады. Партиядағы астықтың аз мөлшерінде 100 метрге дейінгі алаңда партияның бетіндегі төрт нүктеден нүктелі сынама алу жіберіледі.
Нүктелі сынамаларды үйіндінің жоғарғы беткейінен 10 - 15 сантиметр тереңдіктегі қабатынан, ортаңғы және төменгі қабаттарынан алады. Салмағы 100 граммнан кем емес 20-дан кем емес нүктелі сынама алады, орташа сынаманы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес дайындайды.
Тігілген қаптардан нүктелі сынамаларды қаптың қол жетімді үш нүктесінен қап тәрізді сүңгімен алады. Сүңгіні қаптың жіптерін жылжытып, науасын төмен қарата қаптың ортаңғы бөлігіне бағыттап енгізеді. Пайда болған тесікті сүңгінің ұшымен крест тәрізді әрекетпен бітейді. Орташа сынаманың жалпы салмағы 2 килограмнан кем емес.
36. Үйінді түрінде сақталатын немесе жеткізіліп берілетін концентрирленген жемшөп партиясынан нүктелі сынамалар ожау немесе конусты сүңгімен шахмат тәртібімен әр түрлі (үстіңгі, ортаңғы, төменгі) қабаттардан алады. Нүктелі сынамаларды біріктіреді, жақсылап араластырады және біріктірілген сынама алады, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес орташа сынаманы бөліп алады.
37. Күнжарадан, шроттан нүктелі сынама алу кезінде өнімді вагондарға, автокөлікке, кемеге тиеу (түсіру) кезінде тік түсетін ағыстың өзгеретін жерлерінде қиылыстыру жолымен тең уақыт аралығынан кейін ожау немесе автоматты сынама алғышпен алады. Қоймаларда үйінді түрінде сақталатын күнжарадан, шроттан нүктелі сынамаларды конусты сүңгімен күнжара үшін әр 1 шаршы метрден кейін және шроттар үшін әр 2 шаршы метрден кейін шахматты тәртіппен үстіңгі, ортаңғы және төменгі қабаттарынан алады. Іріктелген нүктелі сынамаларды таза ыдысқа төгеді, мұқият араластырады және біріккен сынама алады. Өнімнің орташа сынамасын біріккен сынамадан кварттау жолымен қолмен бөліп алады, сынаманың салмағы 7 килограммнан кем емес.
38. Ұнтақ тәрізді және ұсақ кристаллды минералды заттардың, карбамидтың, фосфатты жемшөп қоспаларының орташа үлгілерін алуды астық және ұн тәрізді жемшөптерден сынама алуға ұқсас әр түрлі жерлерден сүңгімен жүргізеді. Орташа үлгіні 0,6 - 0,7 килограмға тең етіп жасайды.
Құрама жемдер, шөп ұны, ағаш жасылының ұны, кебек, жарма, жемшөп ашытқысы, паприн, эприн және басқа да ақуыз жемшөптері. Қоймаларда, шаруашылықтарда даналанған және түйіршіктелген жемшөптен нүктелі сынамаларды вагонды немесе қамбалық сүңгімен, болмаса әр қайсысы 4 - 5 шаршы метр алаңды шаршы орталығынан қалақпен алады: үйіндінің 0,75 метрге дейінгі биіктігінде - үстіңгі және астыңғы қабаттарынан, 0,75 метрден жоғарыда - жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Талдау үшін орташа үлгінің салмағы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес алынады.
39. Бактериологиялық зерттеулер үшін жемшөптің әр партиясынан салмағы 500 граммнан кем емес екі орташа үлгі алады. Үлгілерді стерильді пластмасс немесе шыны ыдысқа немесе полиэтилен қапқа буып-түйеді.
6. Патологиялық материалдан сынама алу
40. Тиісті патологиялық материалдан инфекциялық, инвазиялық ауруға немесе улануға күдік туған кезде жануардың ауруының немесе өлім жітімінің (құстарды, аңдарды, балараларды, балықтарды есептегенде) себебін анықтау және растау мақсатында сынама алады (патологиялық материал балауса өлекселерден алынады). Ұсақ жануарлар мен құстардың өлекселері өткізілмейтін ыдыста тұтастай ветеринариялық зертханаға жіберіледі. Сынамаларды жіберуді мұздатылған күйінде жүргізеді, сондай - ақ жедел жөнелту кезінде құрғақ мұз қолданады. Жылдың жылы мезгілінде мұздатылмаған ағзалардан немесе төлдерден жеке ағзаларды консервілемей жөнелтеді, жоқ дегенде 30% глицерин ерітіндісімен консервілейді. Ішкі ағзалардан - паренхиматозды ағзалардың бөлігін (жүрек, өкпе, көк бауыр, бүйрек, бауыр лимфа түйіні бар бауыр немесе өті жоқ өт қабы) кесектерін стерильді қайшымен кеседі, әрқайсысын пергамент қағазына орайды және стерильді пакеттерде жолдайды. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін патологиялық материалды аңдаушылықпен (жәшік немесе қораптарға буып-түю) жеткізіп береді. Балауса емес өлекселерден міндетті түрде түтікше тәрізді сүйекті алады. Бактериологиялық зерттеу үшін балаусалығы анықталмаған патологиялық материалдан мүмкіндігінше жілік майын жібереді. Балауса емес өлекселерден сібір жарасын есептен шығару үшін құлақ қуысы немесе басқа материал алынады.
41. Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін сұйық патологиялық материалды (қан, ірің, зәр, өт, эксудаттар) жібереді:
1) дәнекерленген пастер пипеткаларында, материалды алардың алдында пипетканың екі шетін фламбирлейді, ал жіңішке шетін тура бұрышында иеді, сындырады және күйдірілген жерінде ағзаның тереңіне енгізеді, материалды сорып алғаннан кейін пипетканы қызып кетуіне жол бермей екі шетінен дәнекерлейді, кейін әр пипетканы мақтаға орайды және пробиркаға орналастырады;
2) инесі бар қайнатылған шприцтың көмегімен, кейін жиналған сұйықтықты стерильді пробиркаға құяды және резеңке тығынмен нығыздап жабады.
42. Серологиялық зерттеулер үшін қанды қан сары суын алу мақсатында таңертең, жануарларды азықтандырғанға дейін алады. Серологиялық зерттеулер үшін ірі қара малдан, жылқыдан, қойдан, шошқадан 7 - 10 миллилитрден қан алады.
Жылқыдан, ірі қара малдан, түйелерден, бұғылардан, қой және ешкілерден қанды асептика ережелерін сақтай отырып мойынның жоғарғы үшінші бөлігінің күре тамырынан алады. Қан алатын жердің жүні мұқият қырқылады, ал терісін дезинфекциялайды. Шыны түтікке қан тамшылап емес, жіңішке ағыспен ағуы керек. Тамшылап алынған және көпірген қан тез гемолизирленеді және зерттеу кезінде қате нәтиже береді. Қанды бір реттік зауыттық шприцпен алған кезде көпіртпей бірден және ақырындап шыны түтікшеге ауыстырады. Қанның жерге тиюін болдырмаған жөн. Ол үшін қанның бірінші порциясын жіберетін дезинфекциялық ерітіндісі бар банканы қолдану қажет.
Шошқада қанды құлағынан (шприці бар инемен), құйрығының ұшынан, алдыңғы қанды тері тамырынан (палая вена) (арқасымен жатқанда жақсырақ) немесе көз тамырынан алады. Құйрығын алдына сабынды сумен жуады және дезинфекциялайды. Қанды алғаннан кейін құйрықтың шетін дезинфекциялық (йодтың) ерітіндімен өңдейді, байлайды және күйдіреді.
Терісі бағалы аңдардан және құстардан - 1-2 миллилитрден қан алады, құстардан қанды қанат асты тамырынан немесе айдарынан алады. Түлкі және ақ түлкілерден жая тамырынан, қара күзендерден артқы аяғының ортаңғы саусағының жастықшасын немесе құйрығының шетін кесу жолымен алады.
Қан сары суын тұндыру әдісімен алады. Қанды қоюландыру және сары суды тұндыру үшін қаны бар шыны түтіктерді 20-300С немесе 37-380С - да 30-60 минут ұстайды, қан ұйындысын қабырғаларынан болат шабақпен (құрсау) бөледі, шабақты әр сынамадан кейін спиртовканың үстінде фламбирлейді. Шыны түтіктерді 4-100С -де 20-24 сағат ұстайды. Тұнған сарысуларды құрғақ, стерильді шыны түтіктерге құяды, тығынмен жабады және зертханаға жолдайды. Қанның консервирленбеген сарысуы суық (4-80С) жерде сақтаған кезде алған күннен бастап 6 күн ішінде зерттеу үшін жарамды. Сарысуды консервілеуді үш әдіспен жүргізеді:
1) химиялық - тек классикалық серологиялық зерттеулер үшін үнемі араластыра отырып, 1 миллилитр сарысуға 5%-дық фенол ерітіндісінің 0,05 миллилитрін (1тамшысын) қосып (агглютинация реакциясы (АР), комплиментті байланыстыру реакциясы (КБР), роз бенгал сынамасы (РБС), комплиментті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР). Сондай-ақ құрғақ бор қышқылымен (2-4% сарысу көлеміне) қаныққан ерітіндіні алғанға және шыны түтікшенің астында кішкене тұнба пайда болғанға дейін;
2) бір рет мұздату жолымен. Қан зертханаға алынған күні жеткізіледі. Шыны түтікшедегі қанды алдын ала стерильді пастер пипеткасымен немесе шыны таяқшамен шыны түтікшенің шеттеріндегі қан ұйындысының қабатын алып тастап, бөлме температурасында 1-2 сағат ішінде немесе 370С термостатта 0,5-1 сағат тұндырады. Ұйындының ретракциясын жақсарту үшін шыны түтікшені 40С-да 1-2 сағатқа тоңазытқышқа орналастырады немесе минутына 3000 айналымда 10 минут немесе минутында 1500 айналымда 20 минут центрифугалайды. Сарысуды стерильді шыны түтікшелерге (ампула, флакон) немесе қақпағы бар «Эппенфорд» типті полистирол микро түтікшелерге стерильді пипеткалармен сорып алады.
Қан сарысуы тоңазытқышта зерттеуге дейін 2-40С температурада 4-6 күннен артық емес сақтала алады. Ұзақ сақталған кезде (2 аптадан артық) қан сарысуын мұздатылған күйінде 20-250С температурада сақтау қажет, -700С-ға дейін терең мұздатуға жол беріледі. Сарысуды 1 реттен артық мұздатуға және ерітуге жол берілмейді. Қанды жалпы жинау кезінде, сарысуды ұзақ сақтау кезінде зерттеуге дейін және анти денелердің белсенділігін жоғалтудың алдын алу мақсатында сарысуларды -20-400С-дан артық емес температурада терең суықта сақтау қажет.
Мұздатылған сарысуларды тасымалдау ерітуге жол бермейтін сол температуралық шарттарда (тоңазытқыш сөмкелерде немесе мұзы бар термостарда, құрғақ мұз пайдалануға болады). Сарысуды пайдалану алдында толық еріту және антиденелердің концентрациясын болдырмау үшін мұқият араластыру қажет.
3) кептіру (лептоспироз).
Сарысуды (0,4 миллилитр ) фильтр қағазына (5х5 см) жағады және толық кепкенге дейін шашыраған жарықта ұстайды. Сарысуы бар әр бетте жай қарандашпен тиісті жазбалар жасайды, пергамент қағазына орайды (әр сынаманы жеке), конвертке буып - түйеді және сол күйінде құрғақ сарысудың әр сынамасын 2 миллилитр физикалық ерітіндісі бар шыны түтікшеге орналастыратын зертханаға жібереді. 6-10 сағат термостаттайды және 24 сағат бөлме температурасында ұстайды, кейін зерттейді. Құрғақ сарысулар антигендік қасиетін 40-130 күн сақтайды. Фенол немесе бор қышқылымен консервіленген сарысулар 30 күн ішінде зерттеуге жарамды. Лайланған, өскінделген, гемолизирленген сарысулар зерттеуге жатқызылмайды. Қанның әр сынамасында тізімге сәйкес жануардың нөмірі немесе аты, жануар иесінің фамилиясы көрсетіледі. Сынамалар тізіммен бірге екі данада жолданады.
43. Жануарлардың фекалийлерін тік ішектен алады немесе стерильді стақандарға, банкаларға немесе пробиркаларға стерильді пинцетпен жинайды.
44. Ішектің түгелін емес, ең көп зақымдалған бөліктері бар кесінділерін жібереді. Кесінділер ішіндегісінен босатылады, стерильді сумен мұқият жуылады және стерильді банкаларға орналастырылады.
45. Түтік тәрізді сүйек тұтастай, шеттері зақымдалмаған, сіңірі мен бұлшық етінен жақсылап тазаланған күйде жібереді.
46. Теріні стерильді, герметикалық жабылған күйінде кесек түрінде (10*10 көлемінде) жібереді. Сынамаларды ең көп зақымданған немесе теріні аз құнсыздандыратын бөліктерінен алады.
47. Бактериологиялық (вирусологиялық) зерттеу үшін:
1) тілмеге - түтік тәрізді сүйекті, бүйректі;
2) сальмонеллезге - өт қабы бар бауыр бөлігін, көк бауырын, шажырқайдың лимфа түйіндерін, түтік тәрізді сүйекті;
3) пастереллезге - лимфа түйіндері бар өкпе бөлігін, көк бауырды, жүректі (қан тамырларын байлап), түтік тәрізді сүйекті және бұлшық ет ұлпасы бар инфильтраттарды;
4) сібір жарасына - құлақтың кесілген жерінен, перефириялық тамырдан қанды немесе құлақ қалқанын кеседі және жібереді (өлесенің жатқан жағындағы құлағына алдын ала екі лигатура салады, кесіндінің шеттерін күйдіреді);
5) бруцеллезге - іш тастаған төлді толығымен (қабымен), немесе ерекшелік ретінде өңеш пен он екі елі ішек жағынан лигатурамен байланған төлдің қарынын ішіндегісімен бірге. Шошқалардан бірге туған үш төлден кем емес, жылқылардан абцесстердің іріңі, және төл қабының зақымдалған, некозға ұшыраған телімдері, жоқ дегенде іш тастаған жануарлар жатырларының кілегейін және басқа бөлінділерін; сойылған жануарлардан - паренхиматозды ағзаларын, жұпталған, мезентериалды лимфа түйіндерін;
6) туберкулезге - сау ұлпалары бар өзгерген ағзалардың бөліктерін және белгісіз ошақтардағы аймақтық лимфа түйіндерін, түтікше тәрізді сүйек;
7) лептоспирозға - бауырдың, бүйректің бөліктерін, нитраттық қанды, ликворды, зәрді;
8) аусылға - ашылмаған афталар (аусыл вирусының типін анықтау үшін);
9) Ауески ауруына - басын (бас миын), көк бауыр, бауыр, бүйрек бөліктерін;
10) шешекке - везикула сатысындағы шешек зақымдануларын, шешек лимфасын немесе зақымдалған тері бөліктерін;
11) обаны - паренхиматозды ағзалар, бронхиалды, мезентериалды лимфа түйіндерін (бактериалды инфекцияны алып тастау үшін);
12) листериозға - паренхиматозды ағзаларды, бас миын;
13) некробактериозға - некротикалық зақымдануларын: аяқ бастарының, ауыз қуысының кілегейінің, ішкі ағзаларының;
14) қарасан, қатерлі ісік - крепитацияланатын қабынған ісіктен стерильді алынған экссудатын, сондай-ақ зат шыныларындағы жұғындыларын, жарып - сою жағдайында - көк бауырдың, бүйректің және зақымдалған бұлшық еттің бөлігін;
15) микоплазмозға - өкпенің зақымдалған бөлігін;
16) актинамикозға - ағзалардың түйіндері бар зақымдалған бөліктерін;
17) компилобактериозға – түсік тасталған төл қабымен және қынап бөлінділерін, күпек кілегейін, ұрықты, қосалқы жыныс бездерін;
18) сақау – лимфа түйіндерінің жарылмаған абцесстерінен стерильді алынған іріңді, мұрын ағындыларынан іріңді. Патологиялық материалдан басты, жүректен және басқа зақымдалған ағзалардан қанды;
19) құтырық – ұсақ жануарлардың балауса өлекселерін немесе ірі жануарлардың басын (бас миы) жібереді.
48. Гистологиялық зерттеулер үшін:
1) туберкулезге – ағзалардың зақымдаған бөлігін және аймақтық лимфа түйіндерін;
2) сальмонеллезге - бауырын;
3) лептоспирозға - жануардың өлімінен 30 минуттан кейін алынған бауырын, бүйрегін;
4) Ауески ауруына - сопақша миын және төрт төбешігін;
5) Ташен ауруына - жұлынның бел бөлігін, бас миының сұр затын (базальды бөлігі);
6) шешекке – терінің зақымдалған бөліктерін;
7) микоплазмозға - өкпенің зақымдалған бөліктерін;
8) бруцеллезге – түйіндері бар зақымдалған ағзаларын;
9) актинамикозға - түйіндері бар зақымдалған ағзаларын;
10) жылқының инфекциялық қан аздығына күдік туғанда - жүрегін (жүрек алды және қарыншалар), көк бауырын, өкпесін, 2*2 см мөлшеріндегі бүйрегін жібереді.
49. Химико-токсикологиялық зерттеулер үшін материалды таза, шыны банкаларға орналастырады: қарын мен ішек бір банкада, бауыр мен бүйрек басқасында.
Улануға күдік туған кезде өлім-жітімге ұшыраған жануарлардың өлекселерінен материалды:
1) өңештің бөлігін және ішіндегісінің 0,5 килограммы бар қарынның зақымдалған бөлігін, ал ірі қара мал мен ұсақ қара малдан өңеш пен ұлтабардың бөлігін;
2) жіңішке ішектің ең зақымдалған бөлігінің кесіндісін (0,5 метрге дейін ұзындықта) ішіндегісімен бірге;
3) жуан ішектің ең зақымдалған бөлігінің кесіндісін (40 сантиметрге дейін ұзындықта) ішіндегісімен бірге;
4) өт қабы бар бауыр бөлігін (0,5 -1 килограмм) жолдайды.
Бір мезгілде улану көзін анықтау мақсатында жануарларды азықтандырған барлық жемшөптерді (әр түрінен 1 килограмнан), одан басқа оттықтардағы жемшөп қалдықтарын міндетті түрде жібереді.
Балықтардың улануына күдік туған кезде - су қоймаларынаң түбіндегі зерттеуге арналған топырақты 2 килограмм мөлшерінде, химиялық талдау үшін суды зерттелетін судың барлық массасына сәйкес келетіндей 2-3 литр мөлшерінде тазалап жуылған кішкентай шыны сауыттарға алады. Тірі немесе жақында өлген балықтарды алады және таза ыдысқа буып–түйеді.
7. Судан, топырақтан, ауадан сынама алу
50. Топырақтың сынамасын топырақ бурымен алады. Тексерілетін аумақты 16 шаршы метрден артық емес мөлшердегі телімдерге бөледі. Сібір жарасының қоздырғышымен беткейлі себілуіне күдік туған аумақтан 15 см-ге дейінгі тереңдіктен топырақ сынамасын алады. Мал қорымдарының аумағынан алдымен топырақтың 2-3 сантиметр жоғарғы қабатын алады, кейін 2 метрге дейінгі тереңдіктен әр 25 сантиметрден сынамалар алады.
51. Судың сынамаларын батомер немесе арнайы бейімдендірілген бөтелкемен алады. Табиғи және жасанды су қоймаларынан су сынамаларын 10-15 сантиметр тереңдіктен және түбінен алады. Түбіндегі тұнбаның сынамалары - жаға жиегінде және оларды топырақ сынамаларындай зерттейді. Әр сынаманың көлемі - 0,5 литрден кем емес, жалпы көлемі 1 литрден кем емес.
Су құбырынан сынама алардың алдында құбырды жанып тұрған спирт тампонымен күйдіреді. Құбырды ашып, стерильді ыдысқа 0,5 литр су алады, кейін 10 минуттың ішінде суды жібереді және басқа стерильді ыдысқа тағы 0,5 литр алады.
52. Атмосфералық ауадан сынама алу сорғыш аспирациялық аспап арқылы белгілі жылдамдықпен ауаны өткізу немесе сыйымдылығы шектеулі ыдыстарды толтыру жолымен жүзеге асырылады. Орташа тәуліктік мәндерді алудың ең ұтымды әдісі - ауаны 24 сағат бойы үздіксіз алу болып табылады. Ауа сынамасын алу үшін электр аспираторлар, шаңсорғыштар, және ауаны өткізетін басқа да аспаптар мен құрылғылар, сондай-ақ өткізілетін ауаның көлемін тіркейтін құрылғылар. Ауадан сынама алу үшін мынадай құралдар қолданылады: электроаспираторлар, шаңсорғыш, реометрлер, ротаметрлер тағы да басқа құралдар (реометрлер, ротаметрлер және басқа да шығын өлшегіштер).
8. Қорытынды ереже
53. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының, патологиялық материалдың, судың, топырақтың сынамаларының зертханалық зерттеулерін жүргізу аяқталған бойда ветеринариялық зертханаларда олардың көрсеткіштерінің ветеринариялық- санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігінің көрсеткіштеріне сараптама актісін береді, сыналатын үлгілер зертханалық зерттеулер жүргізгеннен кейін есептен шығаруға және утильдеуге жатады. Бақылаушы сынама осы сынаманың жарамдылық мерзімі аяқталған бойда утильдеге жатады. Сынамаларды утильдеу жою актісін толтырып, арнайы құрылған комиссиямен жүргізіледі. Актіге комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылады, актіде баяндалған деректердің толықтығына, дұрыстығына және объективтілігіне жауапкершілікті ветеринариялық зертхананың басшысы алып жүреді.
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілерден сынама
алу ережесіне
1-қосымша
Жануарлардан алынатын өнімдердегі және жемшөптегі заттардың ветеринариялық–санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарының көрсеткіштеріне зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар аспасының қажетті салмағы
№ |
Қауіпсіздік көрсеткішінің атауы |
Бір рет зерттеу кезіндегі аспа салмағы, (грамм). |
1 |
Уытты элементтері: |
150,0 |
2 |
Антибиотиктер |
15,0 |
3 |
Пестицидтер |
15,0 |
4 |
Гармондық препараттар |
100,0 |
5 |
Радионуклеидтер (Сs-137, Sr-90) |
250,0 |
6 |
Микробиологиялық көрсеткіштер |
250,0 |
7 |
Балаусалығы |
200,0 |
8 |
Гистологиялық сынаулары |
150,0 |
9 |
ПЦР зерттеулері |
5,0 |
10 |
Бенз(а)пирен |
25 |
Ескерту: Бақыланатын сипаттамалардың артуында немесе төмендеуінде зертханалық, бақылаушы және орташа сынаманың үлкендігі (салмағы, көлемі) артады немесе кемиді.
Жануарлардан алынатын өнімдер және жемшөп партиясынан орташа сынама алу нормасы
№ |
Партияның салмағы, тонна |
Сынама саны, дана |
1 |
0,5 |
1 |
2 |
0,51 - 3,0 |
2 |
3 |
3,1 - 5,0 |
3 |
4 |
5,1 – 10,1 |
5 |
5 |
10,1 – 15,0 |
8 |
6 |
15,1 – 20,0 |
10 |
7 |
20,0 жоғары (әр көлік бірлігінен) |
Әр толық немесе толық емес 10 тонна үшін қосымша 3 сынама |
8 |
100,0 жоғары |
Әр толық немесе толық емес 100 тонна үшін қосымша 3 сынама |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілерден сынама
алу ережесіне
2-қосымша
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу актісі
20__ жылғы «___» _________________ №_____
________________ облысы (қаласы) бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық (қалалық) аумақтық бөлімшесі.
Кәсіпорынның аты ___________________________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы _______________
Сынама алынатын жер ________________________________________________
(объектінің атауы және мекен-жайы)
Менің (біздің) _____________________________________________________
(сынама алатын мемветбақылау өкілінің (дерінің) қызметі, Ф.А.Т)
____________________________________________________________________
(орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесінің немесе оның
өкілінің (дерінің) Ф.А.Т. көрсетілсін)
_______________________________________________________ қатысуымен
(заңды немесе жеке тұлғаның Ф.А.Т)
_______________________________________________ сынама алу жүргізілді (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы)
Партияның көлемі __________________, жеткізілген уақыты ____________
(таза салмағы, орын саны)
____________________________________________________________________
(көлік құралдарының атауы, бірліктер саны және нөмірі көрсетілсін)
Өнім __________________________________________________ дайындалған
(шығарылған ел)
Өткізу мерзімі ____________________________________________________
(дайындаушы, дайындалған уақыты)
Алынған сынамалар _________________________________________________
(саны, буылып-түйілуі)
Сынама алынған кездегі өнімнің температурасы ______________________
Өнімді зерттеуге жіберу үшін негіздер: ____________________________
___________________________________________________________________
_____________________________________________ сәйкес ________ күні
(құжаттың аты көрсетілсін)
_____сағат ____ минутта сынамалар алынып, _________________________
___________________________________________________________________ (зертханалық зерттеулердің түрлері көрсетілсін)
___________________________________________________________________
зерттеу үшін, ___________________________________________ жіберілді.
(ветеринариялық зертхананың аты көрсетілсін)
Сынама алуды жүргізген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
______________________ _____________________________
(қолы) (Ф.А.Т.)
Өнім иесі немесе оның өкілі:
______________________ _____________________________
(қолы) (Ф.А.Т.)
Сынама алынғаны туралы белгі:
Сынаманы қабылдадым ___________________________________________
(зертхана маманының қызметі, Ф.А.Т., қолы)
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілерден сынама
алу ережесіне
3-қосымша
Құс, қоян партиясынан іріктеме алу нормасы
Партиядағы буып-түю бірліктерінің мөлшері |
Іріктейді және бірлік орамды ашады |
10 дейін |
1 |
11 ден 20 дейін |
3 |
21 ден 40 дейін |
4 |
40 тан 60 дейін |
6 |
60 тан жоғары |
10 %, бірақ 7 бірліктен кем емес |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілерден сынама
алу ережесіне
4-қосымша
Балды іріктеу нормасы
Партиядағы буып-түю бірліктерінің мөлшері |
Іріктелетін буып-түю бірліктерінің саны |
3–ке дейін |
1 |
4-20 |
3 |
21-30 |
4 |
31-40 |
5 |
41-60 |
6 |
61-80 |
8 |
81 және жоғары |
10 % |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілерден сынама
алу ережесіне
5-қосымша
Сүт, қаймақ партиясынан іріктеме мөлшері
Партиядағы өнімі бар көліктік ыдыс бірлігінің саны |
Іріктемедегі өнімі бар көліктік ыдыс бірлігінің саны |
100 дейін |
2 |
100 ден 200 дейін |
3 |
201 ден 500 дейін |
4 |
501 және жоғары |
5 |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілерден сынама
алу ережесіне
6-қосымша
Партиядағы буып–түю бірліктерінен жұмыртқа іріктеу нормасы
1 Кесте
Партиядағы буып–түю бірліктерінің саны, дана |
Іріктелетін буып–түю бірліктерінің саны, дана |
Зерттеуге іріктелетін жұмыртқалардың мөлшері, дана |
10 дейін қоса есептегенде |
1 |
20 |
10-нан 50 дейін |
3 |
30 |
51 ден 100 дейін |
5 |
50 |
101 ден 500 дейін |
15 |
75 |
500–ден жоғары |
20 |
150 |
Партиядағы даналар санынан жұмыртқаларды іріктеу нормасы
2 Кесте
Партиядағы жұмыртқа саны, дана |
Іріктеме көлемі, % |
360 дейін қоса есептегенде |
10 |
631 ден 3600 дейін |
5 |
3601 ден 10800 дейін |
3 |
10801 ден 36 000 дейін |
10,5 |
36 000 жоғары |
Жұмыртқа ұнтағын іріктеу нормасы
3 Кесте
Партиядағы көліктік буып–түю бірлігінің мөлшері, дана |
Іріктелетін көліктік орамдардың саны |
1-5 |
1 |
6-50 |
5 |
51 -100 |
10 |
101-200 |
15 |
201-300 |
20 |
300 жоғары |
25 |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілерден сынама
алу ережесіне
7-қосымша
Балық және балық өнімдерінің көліктік орамдарын іріктеу нормалары
Партиядағы өнімі бар көліктік ыдыс мөлшері, дана |
Іріктелетін өнімі бар көліктік ыдыс мөлшері, дана |
2-25 |
2 |
26-90 |
3 |
91-150 |
4 |
151-280 |
5 |
281-500 |
6 |
501-1200 |
8 |
1201-3200 |
13 |
3201-10000 |
20 |
10001 және жоғары |
30 |