Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.03.30 № 322/45-IV Шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 495-бабының 9-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-ІV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 489 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 наурызда N 31, 2008 жылғы 13 наурызда N 34 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 наурызда N 26, 2008 жылғы 13 наурызда N 28 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 78/14-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-ІV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 13 мамырында N 534 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда N 60 "Астана хабары", 2008 жылғы 20 мамырда N 58 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 122/18-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-ІV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 544 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда N 99 "Астана хабары", 2008 жылғы 21 тамызда N 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрайымы Н. Петухова
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 202/31-ІV шешімімен
бекітілген
Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
Рет N |
Отын түрлері |
Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) |
1. |
Этилденбеген бензин үшін |
0,33 |
2. |
Дизель отыны үшін |
0,63 |
3. |
Сұйытылған, сығылған газ үшін |
0,35 |