Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-ІV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 122/18-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 544 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 202/31-IV шешімімен

       Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 202/31-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 462 бабына , 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19 бабының 6) тармақшасына , 101 бабының 4 тармағына , 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 5 тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-IV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 489 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 наурызда N 31, 2008 жылғы 13 наурызда N 34 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 наурызда N 26, 2008 жылғы 13 наурызда N 28 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 78/14-IV "Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-IV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" шешімімен енгізілген өзгерістермен қоса (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 13 мамырда N 534 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда N 60 "Астана хабары", 2008 жылғы 20 мамырда N 58 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      ескертпеде:
      2) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
      "2) қоршаған орта эмиссиясына төлем ставкалары үшін:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері, коммуналды қызмет корсету кезіндегі қалыптасқан, эмиссия көлеміне, келесі коэффициенттер енгізіледі:
      1 коэффициент 0,3;
       2 коэффициент 0,43;
       4 коэффициент 0,25;";
      келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) жеңілдік коэффиценттерін қолдану, ескертпедегі 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған қоршаған ортаға эмиссияның жоғарғы нормативтік көлемі үшін төлемдерге жайылмайды.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                  С.Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                          В.Редкокашин   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады