Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 27.06.2019 № 395/52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 495-бабының 9–тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 202/31-IV "Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 17 сәуірде № 569 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 сәуірде № 43 "Астана хабары", 2009 жылғы 21 сәуірде № 47 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы | |
мәслихатының сессия төрағасы | В. Петрущак |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 322/45-IV шешіміне қосымша |
Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың
шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
Рет № | Отын түрлері | Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставкалар (АЕК) |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,33 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,63 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ үшін | 0,35 |