Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-IV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 78/14-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 13 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 534 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 202/31-IV шешімімен

      Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 202/31-IV шешімімен
__________________________________

      Қолданушылардың назарына!!!
      Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы»"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 462-бабына , 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-IV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 489 тіркелген, 2008 жылғы 6 наурызда N 31, 2008 жылғы 13 наурызда N 34 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 наурызда N 26, 2008 жылғы 13 наурызда N 28 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы шешімге қосымшадағы "күл және күлшлактар 4 " жолындағы "78" саны "18,1" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы                                 С. Богатырев

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                         В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады