Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімшілігінің 2012.03.20 № 158-304 қаулысымен.
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы " Дағдарыстан жаңарту мен дамуға " атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 , 18-1-баптарына , "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңына , "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысының 1.5.-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 3-1-320қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 3 маусымдағы N 390 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2005 жылғы 14 маусымдағы N 79 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 16 маусымдағы N 90 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы";
қаулы кіріспесі "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.";
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі";
кіріспедегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасы" деген сөздер "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспесі "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта "қаржыландыру" деген сөзден кейін ", "оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу" деген сөздермен толықтырылсын;
"Департамент", "Департаментке" деген сөздер барлық мәтін бойынша тиісті "Басқарма", "Басқармаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі";
5-тармақ "қаражатынан" деген сөзден кейін "елу пайыз мөлшерінде, бірақ он бес мың теңгеден аспайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақты 5-1 және 5-2 тармақтар мына мазмұнда толықтырылсын:
"5-1. "Алматы", "Есіл", "Сарыарқа" аудандарының әкімдері Басқарма-мен бірігіп әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
5-2. Халықтың нысаналы топтарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді Басқарма осы Ереженің 5-тармағымен қарастырылған және еңбек туралы заңнамалардың кәсіпорындарда сақталуы жағдайында қаржыландыру талаптарына сәйкес өтінім берген ұйымдардың санынан жүргізеді.";
6-тармақта "әлеуметтік жұмыс орындарын құруға тілек білдірген" деген сөздерді "іріктеуден өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "не болмаса жұмыс берушілердің есеп шоттарына" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақта:
"ең төменгі еңбекақыдан кем емес" деген сөздер "он бес мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"олардың есеп шотына" деген сөздер "көрсетілген тұлғалардың жеке шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын ұйымдарды іріктеу тәртібіне 1-қосымшадағы "Департамент", "Департаменттің", "Департаментке", "Департаментті" деген сөздер "Басқарма", "Басқарманың", "Басқармаға", "Басқарманы" деген тиісті сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі:
"директоры" деген сөз "бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
Қағидасын" деген сөздер "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (бұдан әрі - Қағида)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.1.2.-тармақтағы:
"Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде (____теңге)" деген сөздер "он бес мың теңге" сөздерімен ауыстырылсын;
"әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру" деген сөздер алынып тасталсын;
"10-тармағына" деген сан мен сөз "5, 10-тармақтарына" деген сандар мен сөздерге ауыстырылсын;
2.2.6.-тармақтағы "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ең төменгі жалақы төлемінің еңбекті төлеу мөлшері асып түскенде, меншікті қаражаттардан қосымша ақы жүргізеді" деген сөздер "Төлем Қағиданың 5, 10-тармақтарына сәйкес жүргізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.1.-тармақтағы "әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру", "Жұмыс берушінің есеп шотына немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
7.2.-тармақтағы "есеп шотына" деген сөздер "жеке шотына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов