Су ресурстарын үстіңгі көздерден пайдалануға төлем ставкаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 286/42-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 28 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 612 болып енгізілді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармағына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» Кодексінің 487-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы бойынша су ресурстарын үстіңгі көздерден пайдалануға төлем ставкалары қоса бекітілсін.
      2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 144/18-III «Су ресурстарын үстіңгі көздерден пайдалануға төлем ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 20 маусымда № 393 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 маусымда № 85 «Астана хабары», 2005 жылғы 30 маусымда № 98 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                         А. Бұлашев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

      Келісілген:
      Астана қаласының Табиғи
      ресурстар және табиғатты
      пайдалануды реттеу
      басқармасының бастығы                               М. Иргибаев

Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 286/42-IV шешіміне  
қосымша         

Астана қаласы бойынша су бетіндегі ресурс көздерін пайдалану
үшін төлем ставкалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 24.06.2015 № 383/54-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

\    Арнайы су
  \ пайдалану түрі
   \
    \
     \
      \
       \
        \
         \
          \
   Өзен    \
бассейндері \
             \
              \
               \

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер теңге/1000 тек.м.

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде теңге/1000 тек.м.

Ауыл шаруашылығы, теңге/1000 тек.м.

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын, тоған шаруашылықтары, теңге/1000 тек.м.

Су энергетика, теңге/1000 кВт.сағ.

Су көлігі теңге/1000 т. км.

1.

Есіл өзенінің бассейні

61

169

48

48

17

5

2.

Нұра өзенінің бассейні

68

194

56

53

-

-

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады