Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 5С-4/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасалсын:
1) ауданда өмірдің қиын жағдайларына тап болған, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, ауданда тұрақты тұратын отбасыларына (азаматтарына);
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңелген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, жауынгер-интернационалистерге, 1986-1989 жылдары Чернобыль атомдық электростанция зардабын жоюға қатысқандарға, мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, жетім балаларға, «Мать-героиня», 1, 2 дәрежелі «Материнская слава» ордендерімен және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға – аудан әкімімен келісілген тізімнің негізінде өтініштер мен материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін сұрамай мемлекеттік мерекелерге және аудандық іс-шараларға;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне:
жыл сайын жазылым кезінде бір данаға жазылым бағасы мөлшерінде облыстық мерзімдік «Арқа ажары», «Акмолинская правда» басылымдарына аудандық бюджет қаражатынан;
ай сайын коммуналдық төлем жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің есебінен, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеке есепшоттарына есептеу жолымен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен берілген тізімдердің негізінде;
телефон орнатуға;
4) Қарттар мен мүгедектер күнін мерекелеу кезінде өтініштер мен материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеру актісін сұрамай, аудан әкімімен келісілген тізім негізінде толық мемлекеттік қамтамасыз етілетін тұлғалардан басқа, 80 жастан үлкен зейнеткерлерге;
5) төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға, өтініштері бойынша;
6) негізгі азық-түліктің қымбаттауына байланысты қамсыздандырылуы аз азаматтарға ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 0,5 мөлшерінде;
7) онкологиялық ауруларға, туберкулезден, қант диабетінен ұзақ уақыт емделудегі азаматтарға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға «Бұланды орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен берілген тізімдердің негізінде жылына бір рет алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
8) аудандағы мекемелерге жұмысқа келген жоғары және орта арнаулы білімі бар жас мамандарға - бір жолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініштері бойынша;
9) концлагерлердің тұтқындарына - жеке есепшотына есептеу жолымен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен берілген тізімдердің негізінде коммуналдық төлем жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) Бұланды ауданының тұрмысы төмен отбасылардан және ауылдық жерлерінде тұратын көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндіз оқитын студенттерге, оқу орнымен шарт негізінде, білім беру қызметінің жылдық құны мөлшерінде;
11) «Бұланды орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен берілген тізімдердің негізінде туберкулезден ұзақ уақыт амбулаториялық емделудегі азаматтар облыстық мамандардан кеңес алу үшін жол ақысы жылына бір рет алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2010.07.27 № 4С-28/4 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.12.09 № 4С-40/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен
2. Уәкілетті орган – «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етіледі.
3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жөніндегі шығынды қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» деген бюджеттік бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Қызметке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен «Қазпошта» акционерлік қоғамының, «Қазақстан Халық банкі» Акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалының және «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің арасында жасалған шарттың негізінде жүргізіледі.
5. Қосымшаға сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
7. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 23-сессияның
төрағасы Д.Айдынбаев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы П.Веселов
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
«Бұланды аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Есмағамбетова
Бұланды аудандық мәслихатының
2009 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 4С-23/4 шешіміне
қосымша
Бұланды аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2556 тіркелген, 2004 жылғы 02 шілдеде «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған).
2. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 21 қыркүйектегі № 3С-13/5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2816 тіркелген, 2004 жылғы 15 қазанда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған).
3. Бұланды аудандық мәслихатының «2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 3С-17/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3063 тіркелген, 2005 жылғы 18 наурызда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған).
4. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 4С-3/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-52 тіркелген, 2007 жылғы 19 қазанда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған).
5. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4С-7/13 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-64 тіркелген, 2008 жылғы 18 сәуірде «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған).