Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12/11 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-24/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-18 тіркелген, 2006 жылғы 13 қаңтардағы «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Бұланды ауданы бойынша бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы»;
1 тармақтағы «бекітілсін» деген сөз «белгіленсін» деген сөзбен ауыстырылсын;
осы шешімнің 2 қосымшасындағы 2, 4-тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 28-сессияның
төрағасы А.Альберг
Аудандық мәслихаттың
хатшысы П.Веселов
КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
«Бұланды ауданы бойынша
салық басқармасы» мемлекеттік
мекемесі бастығының
міндетін атқарушы С.Қоңқақов