Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 "Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/4 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда № 1-7-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 5С-4/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-7-104 тіркелген, 2010 жылы 12 ақпанда «Бұланды таңы», «Вести Буланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «7) онкологиялық ауруларға, туберкулезден, қант диабетінен ұзақ уақыт емделудегі азаматтарға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға «Бұланды орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен берілген тізімдердің негізінде жылына бір рет алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде;»;
      1-тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) «Бұланды орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен берілген тізімдердің негізінде туберкулезден ұзақ уақыт амбулаториялық емделудегі азаматтар облыстық мамандардан кеңес алу үшін жол ақысы жылына бір рет алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 40-сессияның
      төрайымы                                   К.Тәшімова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    П.Веселов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады