Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 205 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, тамақ өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты азаматтардың жекелеген бөліктерін әлеуметтік қорғау мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір айлық есеп көрсеткіші көлемінде келесі санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан;
2) төменгі деңгейде зейнетақы және аз зейнетақыдан төмен алушы зейнеткерлер;
3) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы 1, 2, 3 топ, бала кезінен мүгедектерді, жалпы аурулардан, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер есебінен мүгедектерді қоспағанда мүгедектері.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.07.22 № 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
1-1. 2009 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақы алушылар 1, 2, 3 топ бала кезінен мүгедектерге, жалпы аурулардан, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер есебінен мүгедектерге 3000 теңге мөлшерінде он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.07.22 № 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен. 1-1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010.04.16 № 257 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталық" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ақтөбе облыстық филиалының операциялар төлемдік бөліміне төменгі зейнетақы мен аз зейнетақыдан төмен алушы зейнеткерлер және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы 1, 2, 3 топ мүгедектері және он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар тізімдерін әлеуметтік көмек көрсету үшін ай сайын беруді қамтамасыз ету ұсынылады.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010.04.16 № 257 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
3. Әлеуметтік көмек ай сайын ақшалай түрде алушының жеке есеп шотына аударма жасау жолымен көрсетіледі.
4. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2008 жылы 28 сәуірде N 3-1-88 санымен тіркелінген "Әлеуметтік көмек көрсету туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 сәуірдегі N 68, шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы С. Есембаев
Мәслихат хатшысы С. Шынтасова