Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 205 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 80 қаулысымен «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 қаулысына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы», Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 129 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 ақпандағы № 3-1-103 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 наурызда № 28 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған шешіміне) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтағы:
2) тармақшадағы «еңбек өтілі толық емес зейнетақы» сөзі «аз зейнетақыдан төмен» сөзімен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «1, 2, 3 топ» сөзінен кейін «, бала кезінен мүгедектерді, жалпы аурулардан, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер есебінен мүгедектерді қоспағанда.»; сөзімен толықтырылсын.
1-1 тармақ келесі мазмұнда толықтырылсын:
«2009 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақы алушылар 1, 2, 3 топ бала кезінен мүгедектерге, жалпы аурулардан, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер есебінен мүгедектерге 3000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.»
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихаты Ақтөбе қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
М. Өндіргенов С. Шынтасова