"Әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 129 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 257 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 мамырда № 3-1-134 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 205 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 205 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 67 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына және «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға және I, II, III мүгедектерге қосымша көмек беру туралы» Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 қаулысына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 129 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 ақпанда № 3-1-103 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 наурызда № 28 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 129 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 177 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 7 тамызда № 3-1-118 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 тамыздағы № 96, № 95 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістер ескеріліп, шешімге келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
      1-1 тармағындағы:
      «3000 теңге мөлшерінде» сөзінен кейін «он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларына» сөздерімен толықтырылсын;
      2 тармақтағы:
      «еңбек өтілі толық емес зейнетақы» сөздері «аз зейнетақыдан төмен» сөздерімен ауыстырылсын;
      «1, 2, 3 топ мүгедектері» сөзінен кейін «және он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар» сөздерімен толықтырылсын;
      2. Осы шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының         Ақтөбе қалалық
           сессия төрағасы             мәслихатының хатшысы

              В. Друзьяк                   С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады