Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 01.03.2018 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6 бабы, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚРЗ Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қарғалы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 3-6-79 болып тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі 16-17 нөмірлерінде жарияланған аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" № 120 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1. Шешім қосымшасының атауынан "базалық" сөзі алынып тасталынсын, үшінші бағанның атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Айлық есептік көрсеткіштерде тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы: | хатшысы: |
Ж.Көлжанов | Ж.Құлманов |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 шілдедегі № 153 шешіміне Қосымша |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері
Рет № | Салық салу объектісінің атауы |
Айлық есептік |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналган ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |