Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 01.03.2018 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауында және мәтінде "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 28.04.2017 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148-11 Заңның 6 бабына сәйкес, "Салық және бюджетке төленетін басқа-да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІV ҚРЗ Кодексінің 422 бабын орындау максатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 28.04.2017 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).1. Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданыска енеді.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Ж.Қалдығұлов | Ж.Құлманов |
Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 120 шешіміне ҚОСЫМША |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 28.04.2017 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айлық есептік көрсеткіштерде тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |