Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы С. Аманжолов Аудандық мәслихаттың хатшысы Н. Заглядова |
Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 227 шешіміне Қосымша |
Қарғалы аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 120 "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-79 тіркелген (2009 жылғы 3 сәуірде аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылдың 22 шілдедегі № 153 "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 120 "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-89 тіркелген (2009 жылғы 10 қыркүйекте аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылдың 28 сәуірдегі № 146 "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 120 "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5492 тіркелген (2017 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
4. Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 18 "Қарғалы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4905 болып тіркелген (2016 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
5. Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 94 "Қарғалы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5226 болып тіркелген (2017 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
6. Қарғалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 192 "Қарғалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3831 болып тіркелген (2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.