Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 120 "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі N 153 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 қыркүйекте N 3-6-89 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 227 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 01.03.2018 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6 бабы, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚРЗ Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Қарғалы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 3-6-79 болып тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі 16-17 нөмірлерінде жарияланған аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" № 120 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1. Шешім қосымшасының атауынан "базалық" сөзі алынып тасталынсын, үшінші бағанның атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Айлық есептік көрсеткіштерде тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы:

хатшысы:

Ж.Көлжанов

Ж.Құлманов


  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 153 шешіміне
Қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Айлық есептік
көрсеткіштерде
тіркелген салықтың
ставкаларының мөлшері

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналган ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады