Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2011.12.06 N 44/08 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына , " Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне , "Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің жылжымалы мүлігінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің:
1) "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 15 ақпандағы N 04/12 қаулысы;
2) "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы N 04/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 31 шілдедегі N 16/05 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысы әкімінің
міндетін атқарушы Р. Оразғұлов
Қарағанды облысы әкімдігінің
2009 жылғы 06 маусымдағы
N 16/01 қаулысына қосымша
Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің жылжымалы мүлігінің
ТІЗБЕСІ
N |
Атауы |
Баланс ұстаушы |
1. |
SKODA OKTAVIA А4 автомашинасы, мемлекеттік номері М 750 CU, шығарылған жылы - 2006 жылы |
Қарағанды облысының әкімдігі аппараты |
2. |
ГАЗ-3201-501 автомашинасы, мемлекеттік номері М 035 АА, шығарылған жылы – 2008 жылы |
Қарағанды облысының әкімдігі аппараты |
3. |
Сhevrolet Epiсa автомашинасы, мемлекеттік номері М 071 АА, шығарылған жылы - 2008 жылы |
Қаржы басқармасы |
4. |
Сhevrolet Epiсa автомашинасы, мемлекеттік номері М 709 CR, шығарылған жылы – 2008 жылы |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
5. |
ВАЗ-21061 автомашинасы, мемлекеттік номері М 975 CА, шығарылған жылы – 1995 жылы |
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы |
6. |
ВАЗ-21112 автомашинасы, мемлекеттік номері М 131 СС, шығарылған жылы – 2005 жылы |
Теміртау қаласының қаржы бөлімі |
7. |
ВАЗ-21102 автомашинасы, мемлекеттік номері М 287 ВU, шығарылған жылы - 2003 жылы |
Шахтинск қаласының қаржы бөлімі |
8. |
ГАЗ-3102-311 автомашинасы, мемлекеттік номері М 369ВY, шығарылған жылы - 2004 жылы |
Жезқазған қаласының қаржы бөлімі |
9. |
ГАЗ-3110-411 автомашинасы, мемлекеттік номері М 110 ВА, шығарылған жылы – 2003 жылы |
Балқаш қаласының қаржы бөлімі |
10. |
ГАЗ-3110-101 автомашинасы, мемлекеттік номері М 120 СС, шығарылған жылы - 2003 жылы |
Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
11. |
ГАЗ-3110-411 автомашинасы, мемлекеттік номері М 002 НА, шығарылған жылы – 2003 жылы |
Приозерск қаласының қаржы бөлімі |
12. |
ГАЗ-3110-411 автомашинасы, мемлекеттік номері М 394 ВХ, шығарылған жылы – 2003 жылы |
Саран қаласының қаржы бөлімі |
13. |
ГАЗ-3102-311 автомашинасы, мемлекеттік номері М 163 АА, шығарылған жылы – 2003 жылы |
Ақтоғай ауданының әкімдігінің аппараты |
14. |
ГАЗ-31105-411 автомашинасы, мемлекеттік номері М 081 СА, шығарылған жылы - 2004 жылы |
Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі |
15. |
ГАЗ-31105-411 автомашинасы, мемлекеттік номері М 256 ВY, шығарылған жылы – 2004 жылы |
Абай ауданының қаржы бөлімі |
16. |
ВАЗ 21113 автомашинасы, мемлекеттік номері М 601 ВY, шығарылған жылы – 2003 жылы |
Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі |
17. |
ВАЗ-212180 автомашинасы, мемлекеттік номері М 206 АZ, шығарылған жылы – 2000 жылы |
Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі |
18. |
УАЗ-331512 автомашинасы, мемлекеттік номері М 201 CL, шығарылған жылы – 1993 жылы |
Нұра ауданының құрылыс бөлімі |
19. |
ГАЗ-31105-411 автомашинасы, мемлекеттік номері М 254 СА, шығарылған жылы – 2005 жылы |
Шет ауданының қаржы бөлімі |
20. |
УАЗ-315142-017 автомашинасы, мемлекеттік номері М 359 ВU, шығарылған жылы – 2003 жылы |
Ұлытау ауданының қаржы бөлімі |