Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.01.14 N 01/01 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 901/12 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылғы 14 қаңтарында N 8-2-75 тіркелген, "Сарыарқа" газетінің 2009 жылғы 16 қаңтарында N 5, "Жезказганская правда" газетінің 2009 жылғы 16 қаңтарында N 2 жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген "2009 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі" қосымшасында:
реттік нөмірі 8 жолдың 3-бағанындағы "160" деген сандар "110" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10 жолдың 3-бағанындағы "10" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10 жолдың 4-бағанындағы "құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге" деген сөздерінен кейін "және құқық бұзушылықтардың профилактикасына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15 жолмен толықтырылсын:
15. |
"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы ЖПУ-44 |
10 |
Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жол бойы бөлігіндегі қоқысты тазалау |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.В. Филиповичке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі Қ. Балмағамбетов