Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 13 шілдедегі XXVI сессиясының "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" N 26/259 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2006 жылғы 15 тамызда N 8-5-24 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2006 жылғы 19 тамыздағы, N 32 санында жарияланған), Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы IІ сессиясының "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық Мәслихаттың ХХVІ сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 17 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2007 жылғы 20 қарашада N 8-5-44 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 47 санында жарияланған), Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы ІV сессиясының "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желелілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру қағидаларын бекіту туралы" N 26/259 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 42 шешiмiмен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2008 жылғы 08 ақпанда N 8-5-51 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 7 саныңда жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қағиданың атауындағы "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" деген сөздері "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын;
1 бөлімнің 1 тармағында:
"қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 бөлімнің 2 тармағында:
"10" деген саны "12" деген санымен ауыстырылсын;
2 бөлімнің 5 тармағының 2) тармақшасында:
"көмір бағасы" деген сөздерінен кейін "және 1 баллон сұйытылған газ" деген сөздермен толықтырылсын;
2 бөлімнің 7 тармағы:
"7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен өтеледі." деген сөздермен жаңа редакцияда мазмұндалсын;
3 бөлімнің 8 тармағында:
"уәкілетті орган береді" деген сөздерінен кейін "халыққа қызмет көрсету орталығы" деген сөздермен толықтырылсын;
5 бөлімнің 22 тармағында:
"қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттеріне көтерілген тарифтер сомасы" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 бөлімнің 23 тармағы:
"23. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты нақты есептелген төлем сомасынан аспауы тиіс." деген сөздермен жаңа редакцияда мазмұндалсын;
6 бөлімнің 25 тармағында:
"ал қалалық телекоммуникация желілері абоненттеріне телефон үшін көтерілген абоненттік ақы тарифтерінің бөлігінде республикалық бюджеттен төленеді" деген сөздері алынып тасталсын;
8 бөлімнің 31 тармағында:
"өз ісін ашу" деген сөздерінен кейін "азық-түлік тағамдарының негізгі түрлеріне бағаның өсуіне байланысты қосымша әлеуметтік төлемдердің сомасы" деген сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала және құқық қоғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XIX сессияның төрағасы,
қалалық Мәслихат хатшысының м.а. Ж. Жетімек