"Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық Мәслихаттың XXV сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының IV сессиясының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 42 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 ақпанда N 8-5-51 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1-24/167 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).

      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық Мәслихаттың XXVІ сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне (әділет басқармасында 2006 жылғы 15 тамызда N 8-5-24 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 тамызда N 32 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған), қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 22 қазандағы ІІ сессиясының N 17 "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық Мәслихаттың XXVI сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (әділет басқармасында 2007 жылғы 20 қарашада N 8-5-44 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 қарашада N 47 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған), келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасының:
      3 бөлімінің 10-тармағындағы:
      "үш жасқа дейінгі" деген сөздер "жеті жасқа дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін" деген сөздерден кейін "туберкулез диспансерінде ұзақ мерзімде станционарлық және амбулаторлық емделіп жатқан тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешімді мүдделі қызметтердің барлығына мәліметтер үшін жеткізсін.
      3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      IV сессияның төрағасы                      Ж. Жетімеков

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдірсізов

      Келісілді:
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы
      Н. Гармашова
      2007 жыл 26 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады