"Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың ХХVІ сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының II сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 17 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 20 қарашада N 8-5-44 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1-24/167 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).

      1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, қала әкімінің тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының мүмкіндік шегі үлесін төмендету туралы ұсынысын қарап шығып, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық Мәслихаттың ХХІХ сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне (әділет басқармасында 2006 жылғы 15 тамызда N 8–5–24 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 тамызда N 32 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасында:
      2 тармақта "отбасының жиынтық кірісінің 20 пайыз мөлшерінде" деген сөздер "отбасының жиынтық кірісінің 10 пайыз мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімді мүдделі қызметтердің барлығына мәліметтер үшін жеткізсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      II cессияның төрағасы                      Т. Тәкібаев

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдірсізов

      Келісілді:
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы
      А. Ереженова
      2007 жыл 22 қазан

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      Бағдарламалар бөлімінің бастығының м.а.
      О. Калашникова
      2007 жыл 22 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады