Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының XXVI сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 15 тамызда N 8-5-24 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 маусымдағы N 253 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2010.06.23 N 253 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Қаражал қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Зинковский Н.И.) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Т. Қасымов

      Қалалық Мәслихаттың хатшысының м.а.        А. Тыхметов

      Келісілді:
      Экономика және бюджеттік
      Жоспарлау бөлімінің бастығы
      А. Ереженова
      2006 жыл 13 шілде

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      Бағдарламалар бөлімінің бастығы
      Н. Гармашова
      2006 жыл 13 шілде

Қаражал қалалық Мәслихаттың
2006 жылғы 13 шілдедегі
N 26/259 шешімімен
бекітілген

Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасы

      Ескерту. Қағиданың атауына өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәрібін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

1. Негізгі ережелер

      1. Тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша төлем шығындарын қайтару үшін,сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша өтемақы түрінде тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін тұрғындарды әлеуметтік қорғайтын бір түрі болып табылды.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы белгілі-бір жерде тұрақты тұратын, белгілі-бір тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын тұлғаларға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысының шығындары өтемақылық шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі отбасының жиынтық кірісінің 12 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2007.10.22 N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      3. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
      1) жиынтық табыс - тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін құқықтарды анықтауда есепке алынатын табыс түрлерінің сомасы;
      2) отбасы - бір мекен-жайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырып алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;
      3) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      4) уәкілетті орган - тұрғын үй жәрдемақысын "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі - уәкілетті орган);

2. Тұрғын үй жәрдемақысын беру нормативтерін анықтау

      4. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына (18 шаршы метр) баламалы. Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метр болып белгіленсін.
      5. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
      1) газды пайдалану:
      Орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 1 баллон газ отбасына;
      2) қатты отынды пайдалану:
      1 шаршы метр ауданды жылытуға 225 килограмм көмір, (7 айлық жылыту маусымына) бір үйге 10 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
      Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Қаражал қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы және 1 баллон сұйытылған газ қолданылсын.
      3) нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:
      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына – 150 киловаттан;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловаттан аспау керек.
      4) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, дербес жылу жүйесінің жылуын, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      6. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
      7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы Қазақстан Республиксының Үкіметімен белгіленген тәртіппен өтеледі.
      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау

      8. Тұрғын үй жәрдемақысын уәкілетті орган береді халыққа қызмет көрсету орталығы және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
      Ескерту. 8 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      9. Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айрылады.
      10. Күтім қажет деп танылған мүгедектерді күтетін немесе жеті жасқа дейін бір және одан да көп балаларды, сондай-ақ кіші баласы 1 сыныпты аяқтағанға дейін (бірақ 9 жастан үлкен емес) төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған тұлғаларды, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты өзіне және кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін туберкулез диспансерінде ұзақ мерзімде станционарлық және амбулаторлық емделіп жатқан тұлғаларға балаларына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды есептемегенде, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы болып табылмайтын адамдары бар отбасыларға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы берілмейді.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2007.12.26 N 42 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      11. Даулы немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мәселесін шешу уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссия қарауына ұсынылуы мүмкін. Тұрғын үй жәрдемақысына үміткер комиссия шешімімен келіспесе, соттық тәртіпте шағымдануға құқығы бар.
      12. Отбасы (балалары, немерелері) құрамында тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй жәрдемақысы беріледі.
      13. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді бергені үшін жалдаушы (меншік иесі) бір жылға дейін жәрдемақы алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде заңсыз алынған сомалар белгіленгін тәртіппен қайтарылуы тиіс.
      14. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу түрін (ақшалай немесе аударма) таңдау құқығы алушының өзіне беріледі. Аударма түрі – бұл тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдерін тұрғын үй жәрдемақысы сомасына тең сомаға азайту болып табылады және тұрғын үй жәрдемақсысының сомасы коммуналдық қызметтерді берушілерге аударылады. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді.

4. Тұрғын үй жәрдемақысын беру мерзімдері мен мерзімділігі

      15. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрған үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынуымен 6 ай мерзімге тағайындалады.
      16. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
      17. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
      18. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде өзiнiң меншiктi тұрғын үйi, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерiстер жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлау қажет.

5. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу

      19. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау өтініш және қоса тапсырылған құжаттар негiзiнде жүргiзiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғылықты мекен-жайын және отбасы құрамын растайтын мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтер карточкасы, үй кітабы);
      3) тұрғын үйге құқық белгілеу құжаттары (жекешелендіру шарты, ордер, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға алу (жалдау) шарты, мұра құқығы жөніндегі куәлік, тіркеу куәлігі);
      4) отбасы мүшелерінің қызметі жөніндегі мәліметтер (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарты);
      5) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын мәліметтер (некеге тұру немесе некені бұзу куәлігі, алпыс бес жастан асқан жалғыз басты адамдарды есептемегенде, азаматтық хал актілерін жазу бөлімшесінен N 4 формалы анықтама, қайтыс болғаны жөніндегі куәлік);
      6) тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісі қызметтерінің ақысын төлеу бойынша шығындар жөніндегі анықтама (түбіртек);
      7) отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтер;
      8) жұмыссыздар мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органнан анықтама тапсырады;
      9) аз қамтылған азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi (арнайы комиссияның тапсырмасы бойынша).
      Құжаттар тексеру үшiн түпнұсқа және көшірме түрiнде ұсынылады.
      20. Тапсырылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша отбасымен шарт жасалады. Аталған шарт тұрғын үй жәрдемақысын берудiң негiздемесi болып табылады. Уәкілетті орган ай сайын шартқа қоса берілетін тұрғын үй жәрдемақысының есебін жүргізеді және өтініш берушіге өтініш жасауына қарай береді.
      21. Тапсырылған құжаттардың нақтылығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган сауал салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер тұлғаның табыстары жөнінде ақпарат беруге міндетті.
      22. Айлық тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үй жәрдемақысын алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі мен әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін өтемақы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      Ескерту. 22 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      23. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты нақты есептелген төлем сомасынан аспауы тиіс.
     Ескерту. 23 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      24. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушылара (түбіртектерде) ұсынады.

6. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көздерi

      25. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеудi қаржыландыру жергілікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен,.
      Ескерту. 25 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

7. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауда жиынтық табысты есептеу тәртiбi

      26. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамында есептелген барлық тұлғалардың тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтiнiш бiлдiрген тоқсаны алдындағы тоқсандағы табыстары енгiзiледi.
      27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсан мерзімінен кем жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыты есепке алынады.
      28. Есептеу кезеңіңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеуде келесі тоқсанның бірінші айынан бастап келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы есепке алынады (есепке алынбайды);
      29. Бір тоқсаннан аса төленуі тиіс табысты (еңбекақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақы) бір мезгілде алуда есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық сомасы есепке алынады.
      30. Отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы отбасының тоқсандағы жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.

8. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынатын табыс түрлерi

      31. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауда өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсанда нақты алынған атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, бала тууға және жерлеуге берілетін жәрдемақы, өз бастамасы бойынша мемлекеттік көрсететін көмек (мерекелік және мерейтойлық күндерге орай) және өз ісін ашу азық-түлік тағамдарының негізгі түрлеріне бағаның өсуіне байланысты қосымша әлеуметтік төлемдердің сомасы үшін берілетін материалдық көмектен басқа, ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады.
      Ескерту. 31 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.07.16 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      32. Еңбекақы түрiндегi табыстар:
      1) еңбекақының барлық түрлерi, соның iшiнде келісiмдiк, уақытша, сондай-ақ сыйақы, үстеме ақы, негізгі және қосымша жұмыс орны бойынша ақшалай және заттай қосымша ақы (қаржыландыру көздеріне тәуелсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбекақысы сақталатын кезеңде заңнамаға сай оларға төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
      2) еңбек демалысы кезінде сақталатын еңбек ақысы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн төленетін ақшалай өтемақы;
      3) ұйымның (заңды тұлға) таратылу немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлға) қызметiн тоқтату, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде жұмыскерлердің саны немесе штатының қысқару жағдайында жеке еңбек шартын бұзу кезінде төленетін өтемақылар;
      4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды атқару кезеңіндегі еңбекақысы;
      5) маусымдық жұмыстарға қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы алу кезінде отбасының жиынтық табысына есепке алынады. Еңбекақының болмау кезіңде жиынтық табыс оны есепке алмай есептелінеді;
      6) сақтандыру агенттерiне және брокерлерге төленетiн делдалдық сыйақы;
      7) еңбекақыны есептеуде есепке алынбайтын және ұйым қаражатын есебiнен төленетiн (оқу демалысының төлемі, авторлық гонорар, несие, қарыз, ашқан жаңалығы және тиімді ұсыныстары үшін сыйақы) төлемдердің басқа түрлері;
      8) отбасы құрамында есепке алынбайтындықтан, жедел қызметтегi, соның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін қоспағанда, келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының саптағы және басшы құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының ақшалай үлесi үстеме ақы мен қосымша ақылары есепке алына отырып, отбасының жиынтық табысына енгізіледі;
      9) шет елде жұмыс істейтін және отбасы құрамында есепке алынған тұлғалардың жиынтық табысындағы еңбекақысы ұлттық және шет ел валютасында есепке алынады. Осы жағдайда шет ел валютасында алынған табыс отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Ұлттық банк белгіленген бағам бойынша ұлттық валютада есептелінеді;
      10) Егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге немесе оқуға келген және отбасы құрамында есепке алынған шет ел азаматымен некеге тіркелген болса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының азаматының табысынан және отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында алынған ұлттық, сондай-ақ Ұлттық банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептелінген шет ел валютасында алынған шет ел азаматының табысынан белгіленеді;
      11) авторлық гонорар (шарттар болмаған жағдайда), сондай-ақ ашқан жаңалығы және тиімді ұсыныстары үшін алған сыйақы гонорар сомасын 12 айға бөлуден алған үлес мөлшерінде отбасының жиынтық табысына ай сайын енгізіліп отырады;
      12) өтелген несие, қарыз сомасы жиынтық табысқа енгізіледі және оларды өтеу (бөлшектеп өтеу кезінде төленген сома және несие, қарыз беру мерзіміне сәйкес) сәтінен бастап несие беру мерзіміне бөлінеді;
      13) шарт жасамай, жекеленген азаматтарда жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбекақысы есепке алынады;
      Осы жағдайда еңбекақының заттай бөлігі нарық бағалары бойынша ақшалай баламада жиынтық табысқа енгізіледі. Еңбекақыны өтініш беруші ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамамен бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес;
      14) азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыс жасаушы тұлғалардың табысы шарт әрекетінің барлық кезеңі бойынша қосылады. Алынған табыс жұмыс жасау үшін шартта көрсетілген ай санына бөлінеді және есептеу кезеңіне сәйкес келетін айлар үшін жиынтық табыста есептелінеді;
      15) салық комитетінде тіркелген өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың салық комитетімен расталған анықтамадағы табысы есепке алынады;
      16) арнайы салық тәртібі жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табыстары бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;
      Еңбекақы түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
      33. Зейнетақы, степендия, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқа нормативтiк құқықтық актілермен белгiленген тәртiпте тағайындалатын зейнетақының барлық түрлерi және оларға өтемақылық төлемдер;
      2) мүгедектiкке, асыраушысынан айырылу жағдайы және жас мөлшері бойынша төленетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      3) арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      4) жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасаған тұлғаларға арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      5) төлем көздеріне тәуелсіз студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, басқа оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін степендиялар. Орта білім беру жүйесінде оқитын, сондай-ақ жоғары және орташа арнайы білім беру орындарында күндізгі бөлімде ақылы негізде, степендия алмай оқитын студенттердің жиынтық табысына студенттің ерікті түрде көрсеткен табысы есептелінеді;
      6) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы (Соның ішінде бала күтімі бойынша);
      7) жүктілік және босану бойынша жәрдемақы;
      8) үйде оқылатын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларға арналған жәрдемақы;
      9) арнайы мемлекеттік жәрдемақыларға қоса, сырт көмекке мұқтаж бірінші, екінші топтардың жалғызбасты мүгедектер күтіміне қосымша төлемдер және жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімдері бойынша бюджеттен жүйелі түрде төленетін басқа төлемдер;
      10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін материалдық көмек және біржолғы төлемдер;
      11) азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек;
      12) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер;
      13) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
      14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы;
      15) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмiне байланысты мемлекеттiк жәрдемақы.
      Әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынған табыстар олардың мөлшерi жөнiндегi аңықтамалармен расталады.
      34. Балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға төленетін алимент түрiндегi табыстар:
      1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары оларды алу уақытына сай жиынтық табыста есептелінеді;
      2) ата-ананың арасындағы неке бұзылған кезде, ерi (зайыбы) балаларға алимент төлеу жағдайында тұрғын үй көмегi тағайындалады. Алимент өндiруге қарсылық бiлдiрілсе, отбасы жәрдемақы алу құқығынан айрылады;
      3) төлеушi жұмыс iстемеген және уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген, бас еркiнен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында, емделуде немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакториiнде есепте тұрған, Қазақстан Республикасының тиiстi келiсiмi жоқ мемлекеттерге тұрақты мекен-жайға орналасуға кеткен немесе iздеу салынған жағдайда, отбасының жиынтық табысы тиiстi органдар растайтын құжаттар қоса ұсынылған жазбаша өтiнiш негiзiнде есептелiнедi;
      4) алимент бойынша қарыздар пайда болған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, сот орындаушысының қарыздар жөніндегі ұйғарымы қоса ұсынылып есептелінеді;
      5) егер ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, бірақ ерлі-зайыпты адамдардың бiрінен алимент өндiрiлген болса, осы ерлі-зайыпты адамның отбасымен бiрге тұрса, жиынтық табыста оның табысы толық есепке алынады. Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы жағдайында, отбасының жиынтық табысында алименттер есепке алынады;
      6) қамқорлық ресiмделген балаларға алимент төленбеген жағдайда (қамқорлыққа алу жөнiндегi құжат), ата-анасынан алимент алу жөнiндегi анықтаманы ұсынбай, жиынтық табыс есептелiнедi;
      7) балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алименттер ұйымдардың алименттерді аударуы жөніндегі анықтамаларымен немесе алынған алименттер жөніндегі пошталық аударымдар түбiртегiмен, сондай-ақ өндiру туралы сот органдарының шешiмi қоса ұсынылып, жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады.
      35. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар:
      1) ауыл шаруашылық өнiмдерiн өсiру, мал мен құс ұстау және өсiру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саябақ телімдерінен алынатын табысты есептемегенде) әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептелінеді;
      2) жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты осы ереженің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшалары негiзiнде уәкілетті орган есептейдi;
      3) жердің бiр сотығынан (бip бастан) өндiрiлетін өнiм құны өсiрiлетiн дақылдардың (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгi) орташа өнімділігін 3 қосымшаға сәйкес өнімнің 1 килограмм орташа бағасына көбейту жолымен анықталады;
      4) екі немесе одан да көп отбасылар қолданатын жеке қосалқы шаруашылықтан, сондай-ақ крестьян (фермалық) шаруашылықтан алынатын табыстар осы шаруашылықта жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына пропорционал әр отбасы бойынша бөлініп есептелінеді;
      5) отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс есептелінеді. Отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысы жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
      6) табысты есептеу үшiн Қарағанды облыстық статистика басқармасының деректерi негiзiнде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар Департаментi ұсынған Қарағанды облысында қалыптасқан өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерi бойынша өткен жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады;
      7) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстардың жеке нормативтiк есептеу карточкасы өтiнiш берушiнiң мәлiметтерi негiзiнде отбасының жиынтық табысына есеп жүргiзетiн тұлға арқылы толтырылады.
      36. Жиынтық табысты есептегенде есепке алынатын басқа да табыстар;
      1) жылжымайтын мүлiк және көлiк құралдарын жалға беру;
      2) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сату;
      3) жылжымайтын мүлiк, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға беру, мұраға алу түрiнде;
      4) салымдар мен борыштық құнды қағаздарды есепке ала отырып, лоторея, ұтыс бойынша алғанған заттай және (немесе) ақшалай түрдегi ұтыстар;
      5) туысқандар мен жақын адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құндық түрде) қосқанда көрсетілетін табыстар;
      6) жылжымайтын мүлiк және көлiк құралдарын жалға беруден алынған ресми расталмаған табыстар айына төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен есептелмейді;
      7) жылжымайтын мүлiк және көлiк құралдарын сатудан түскен табыс 12 айға бөлiнедi және оның сәйкес бөлiгi есептiк кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа енгiзiледi;
      8) басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында тұрғын үй (көлік құралын) сатқаннан түскен сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралын) құны арасындағы айырмашылық есепке алынады.
      Көрсетiлген табыстар алу уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.

Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін
абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне
байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
1-қосымша

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда, _______________________ адамнан тұратын менің отбасыма түрғын үйді үстау, коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұрғын үйді жалға алу (жалға беру), сондай-ақ қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатып шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
      Мен және менің отбасымның мүшелері тұрғын үй жәрдемақысы кызметіне отбасымыздың мүшелерінің табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұксатымызды береміз.

      Өтініш берушінің деректері:
      Аты-жөні______________________________________________________
      Жеке куәлік деректері ________________________________________
      ______________________________________________________________
      (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген уақыты)

      СТН __________________________________________________________

      Табыс түрі (зейнетақы, жалақы, стипедия т.б.)_________________

      Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
      Тұрғылықты аудан _____________________көшесі, _______________үй
      N ____________, пәтер______________, телефон__________________

      Тиістілік ____________________________________________________
                    (пәтерлер иелері кооперативі және басқалары)

      Түрі _________________________________________________________
                            (жеке, мемлекеттік)

      Жалпы ауданы _______________________________________шаршы метр.
      Қосымша аудан ______________________________________шаршы метр.
      Бөлме саны ___________________________________________________
      Әлеуметтік мәртебе ___________________________________________
      Отбасылық жағдай _____________________________________________
      Қызмет берушілерге тұрғын үй жәрдемақысын аударуға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы ________________________________________
      Күні _________________________________________________________

Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін
абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне
байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
2-қосымша

Тұрғын үй жәрдемақысын берудің
N _____________ШАРТЫ

      Қаражал қаласы__________________________ Күні _________________

      1. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Бөлім" деп аталады, бір тараптан және пәтер иесі бір тараптан осы төмендегідей шартты жасады:
      2. Тұрғын үйдің иесі (жалдаушы) ұсынған құжаттардың негізінде Орталық ________________ адамнан тұратын отбасы бар_________________
____________________________________________________________________
                 меншік иесінің (жалдаушының) аты-жөні, тегі

өтініш берген айдан бастап алты айға ақшалай (аударма) түрде тұрғын үй жәрдемақысын береді.
      3. Меншік иесі (жалдаушы) Бөлімге артық немесе заңсыз өтемақы тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәліметтер тапсырғаны үшін бір жылға дейін жәрдемақы алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде алынған сома заң тәртібімен қайтарылады.
      4. Осы шарт тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      5. Барлық пайда болған дау-шарлар қолданыстағы заңға сәйкес шешіледі.
      6. Шарт 2 данада жасалады, біреуі тұрғын үйдің иесінде (жалдаушы) сақталады.
      7. Тұрғын үй төлемі бойынша шығындар есебі қоса беріледі.
      8. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің және отбасының жиынтық табысы мөлшерінің өзгерістеріне қарай өзгеруі мүмкін.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік      Тұрғын үй иесі (жалдаушы)
      бағдарламалар бөлімінің
      _____________________________     ____________________________
             (аты-жөні, тегі)                (аты-жөні, тегі)
      _____________________________     ____________________________
                 (қолы)                          (қолы)

Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін
абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне
байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
3-қосымша

Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

10

226




Арпа

15

174




Қарамық

8

153




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

10

91




Бiр жылдық шөптер

10

84




Картоп

70

1102




Көкөнiстер

90

1249




Бақшалар

85

458




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

22

525




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

20

498




Жидек дақылдары

10

589




Жүзім

20

564




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. x 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1100

19944




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

165

16016




Шошқалар (шошқа еті)

110

8462




Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,25

1200/105




Жылқы (жылқы еті)

138

6044




Түйе (түйе еті)

1140

2925




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін
абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне
байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
4-қосымша

АЗЫҚ-ТҮЛIКТIК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН YЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ ЖАСЫ

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін
абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне
байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
5-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
      Үйiнiң мекен-жайы _____________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х



Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х

х

      200__ж. "__"_________ ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады