2010 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының XVII сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 523/17 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қаңтарда N 8-8-75 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының XXVIII сессиясының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 636/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының XXVIII сессиясының 2010.12.24 N 636/28 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2010 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы IX сессиясының "2009 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-8-63 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы N 7 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) N 435/9 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы                         Р. Елизарьева

      Қалалық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Ә. Сатова

Қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
XVII сессиясының N 523/17 шешіміне
қосымша

Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2010 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері

N

Салық салу объектісінің атауы

Бір объектіге тіркелген жиынтық салықтың ставкасы, бір айлық есептеу көрсеткішінде бір айға

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыс ойын автоматы

6

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыс ойын автоматы

9

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

2

4.

Ойын жолы

17

5.

Карт

6

6.

Бильярд үстелі

7

Об установлении единых ставок фиксированного налога на 2010 год

Решение XVII сессии Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 22 декабря 2009 года N 523/17. Зарегистрировано Управлением юстиции города Шахтинск Карагандинской области 12 января 2010 года N 8-8-75. Утратило силу - решением XXVIII сессии IV созыва Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 24 декабря 2010 года N 636/28

      Сноска. Утратило силу - решением XXVIII сессии IV созыва Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 24.12.2010 N 636/28.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской Маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить единые ставки фиксированного налога для индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность в городе Шахтинске и прилегающих поселках на 2010 год согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу решение IX сессии Шахтинского городского маслихата "Об установлении единых ставок фиксированного налога на 2009 год" от 25 декабря 2008 года N 435/9 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-8-63, опубликовано 13 февраля 2009 в газете "Шахтинский вестник" N 7).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Р. Елизарьева

      Секретарь городского
      Маслихата                                  А. Сатова

Приложение
к решению XVII сессии городского маслихата
от 22 декабря 2009 года N 523/17

Размеры единых ставок фиксированного налога для индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность в городе Шахтинске и прилегающих поселках на 2010 год

N

Наименование объекта налогообложения

Ставка фиксированного суммарного налога на один объект, в месячном расчетном показателе на месяц

1.

Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком

6

2.

Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока

9

3.

Персональный компьютер, используемый для проведения игры

2

4.

Игровая дорожка

17

5.

Карт

6

6.

Бильярдный стол

7