Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының XXVIII сессиясының 2010.12.24 N 636/28 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2010 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы IX сессиясының "2009 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-8-63 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы N 7 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) N 435/9 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрайымы Р. Елизарьева
Қалалық Мәслихаттың
хатшысы Ә. Сатова
Қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
XVII сессиясының N 523/17 шешіміне
қосымша
Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2010 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері
N |
Салық салу объектісінің атауы |
Бір объектіге тіркелген жиынтық салықтың ставкасы, бір айлық есептеу көрсеткішінде бір айға |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыс ойын автоматы |
6 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыс ойын автоматы |
9 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
2 |
4. |
Ойын жолы |
17 |
5. |
Карт |
6 |
6. |
Бильярд үстелі |
7 |