2009 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған IХ сессиясының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 435/9 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 8-8-63 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының XVII сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 523/17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының XVII сессиясының 2009.12.22 N 523/17 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалада және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2009 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қалалық Мәслихаттың 2008 жылғы 17 қаңтардағы "2008 жылға арналған кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне белгіленген тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-8-49 тіркелген, 2008 жылғы 8 ақпандағы "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) N 382/4 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы                         М. Бачаева

      Қалалық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Ә. Сатова

Қалалық Мәслихаттың
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
ІХ сессиясының N 435/9 шешіміне
қосымша

Қалада және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2009 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары

N

Салық салу объектісінің атауы

Бір объектіге тіркелген жиынтық салықтың ставкасы, бір жылға  айлық есептеу көрсеткішінде бір айға

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

6

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

9

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

2

4.

Ойын жолы

17

5.

Карт

6

6.

Бильярд үстелі

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады