Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған III сессиясының 2012.04.06 N 789/3 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2011 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы XVII сессиясының "2010 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-8-75 тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпандағы N 5 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) N 523/17 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрайымы М. Бачаева
Қалалық Мәслихаттың
хатшысы Ә. Сатова
Қалалық Мәслихаттың
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
XXVIII сессиясының N 636/28 шешіміне
қосымша
Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге 2011 жылға арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері
N |
Салық салу объектісінің атауы |
Бір объектіге тіркелген салықтың ставкасы, бір айлық есептеу көрсеткішінде бір айға |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыс ойын автоматы |
6 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыс ойын автоматы |
9 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
2 |
4. |
Ойын жолы |
17 |
5. |
Карт |
6 |
6. |
Бильярд үстелі |
7 |