Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010.01.11 № 25 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 5 мамырдағы Заңының 1-бабы 2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-121 бойынша тіркелген, 2009 жылғы 24 ақпандағы "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе сөзбасында "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген нысаналы топтарының тізбесінде:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органымен жіберілген кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқтағандар, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезеңінде)";
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Қостанай қаласының әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________________ В. Рубинский
2009.08.24 ж.
"Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________________ Л. Кураева
2009.08.24 ж.