Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010.12.07 № 2464 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының № 1-қосымшасына сәйкес 2010 жылға арналған Қостанай қаласы бойынша Халықтың нысаналы топтарының тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының № 2-қосымшасына сәйкес Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Әкім Ж. Нұрғалиев
Қостанай қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
№ 25 қаулысына 1-қосымша
Қостанай қаласы бойынша
Халықтың нысаналы топтарының 2010 жылға тізбесі
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
3. Жиырма екі жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
4. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі
балалар.
5. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған
жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
6. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды
қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
7. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты
зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
8. Мүгедектер.
9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған
адамдар.
10. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу
орындарынан босатылған адамдар.
11. Оралмандар.
12. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс
беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер
санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан
босатылған адамдар жатады.
13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын
бітірушілер.
14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беретін ұйымдардың түлектері.
15. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да
көп).
16. Елу жастан асқан адамдар.
17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының
жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
Қостанай қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
№ 25 қаулысына 2-қосымша
Қостанай қаласы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 (9-1-121 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 24 ақпандағы "Қостанай" газетінде жарияланған).
2. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 1596 (9-1-132 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 13 қазандағы "Қостанай" газетінде жарияланған).
3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 23 қазандағы № 2013 (9-1-134 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 24 қарашадағы "Қостанай" газетінде жарияланған).