Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013.01.22 № 98 шешімімен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жеке тұлғалар" сөздері "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.10.22 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Рудный қаласының әкімшілік аумағында біржолғы талондардың құны белгіленсін:
базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін 1-қосымшаға сәйкес;
қызметі дүркін-дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін 2-қосымшаға сәйкес.
2. .алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2011.11.30 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың оныншы
кезекті сессиясының төрағасы И. Шульга
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша салық
департаменті Рудный қаласы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Е. Зикеев
23.12.2009
Мәслихаттың
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 275 шешіміне 1-қосымша
Рудный қаласының әкімшілік аумағында базар
аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.05.25 № 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.10.22 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімдерімен.
Рет |
Қызметтің түрі |
Сауда |
Біржолғы |
1 |
Гүлдер сату |
Бір сауда |
130 |
2 |
Азық-түлік емес |
Бір сауда |
150 |
3 |
Автомобильдердің |
Бір сауда |
175 |
4 |
Азық-түлік |
Бір сауда |
130 |
5 |
Ет сату |
Бір сауда |
250 |
Мәслихаттың
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 275 шешіміне 2-қосымша
Рудный қаласының әкімшілік аумағында қызметі
дүркін-дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талондардың құны
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.10.22 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
р/ |
Қызметтің |
Сауда |
Біржолғы |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын |
|||
1 |
газеттер мен журналдарды |
Бір сауда орны |
80 |
2 |
тұқым, сондай-ақ |
Бір сауда орны |
80 |
3 |
бақша дақылдарын |
Бір сауда орны |
150 |
4 |
бал |
Бір сауда орны |
90 |