Мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 275 "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 362 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада № 9-2-169 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 98 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013.01.22 № 98 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 275 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-152, 2010 жылғы 5 ақпанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мәтінінде және қосымшаларында "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихатының тексеру комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық
      мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Ф. Виноградов

      Қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Салық
      комитетінің Қостанай облысы
      бойынша салық департаменті
      Рудный қаласы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ О. Рабченюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады