Мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 275 "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010 жылғы 25 мамырдағы № 315 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 маусымда № 9-2-161 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 98 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013.01.22 № 98 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 275 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-152, 2010 жылғы 5 ақпанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихатының тексеру комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Ф. Виноградов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы қаржы
      министрлігі салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша салық
      департаменті Рудный қаласы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ Е. Зикеев

Мәслихаттың    
2010 жылғы 25 мамырдағы 
№ 315 шешіміне    
қосымша        

Мәслихаттың     
2009 жылғы 23 желтоқсандағы 
№ 275 шешіміне     
1-қосымша         

Рудный қаласының әкімшілік аумағында
базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы(оқшауланған
блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда
тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге
асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

Рет
бойынша

Қызметтің түрі

Сауда ауданы

Біржолғы
талондардың
құны (теңге)

1

Гүлдер сату

Бір сауда
орны

130

2

Азық-түлік емес
тауарларын
сату
(автомобильдердің
қосалқы
бөлшектерінен,
автомобиль
резеңкелерінен
басқа)

Бір сауда
орны

150

3

Автомобильдердің
қосалқы
бөлшектерін және
автомобиль
резеңкелерін сату

Бір сауда
орны

175

4

Азық-түлік
тауарларын сату
(ет басқа)

Бір сауда
орны

130

5

Ет сату

Бір сауда
орны

250

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады