Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010.03.01 № 63 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5 және 7 бабтарының 2 тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 9-12-92 нөмірі, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы 3 ақпараттық бюллетенінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"15) жұмыс берушінің жабуына, жұмысшылардың санын немесе штатын қысқартуына байланысты жұмыстан босатылғандар";
"16) толық емес жұмыс уақыты тәртіпте жұмыспен қамтылған тұлғалар".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. Б. Кәкімжанов