Халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 ақпанда № 9-12-92 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 63 қаулысымен

      Ескерту. Атауында өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009.10.19 № 277 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7 баптарының 2 тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданының аумағында тұратын нысанды топтарға жататын тұлғалардың келесі тізімі анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) 21 жасқа дейінгі балалар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалар ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлікке шығуға тақап жүргендер (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған тұлғалар);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар (репатрианттар);
      11) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер;
      12) арнаулы орта, орта және кәсіби білім мекемелерін, даярлау курстарын бітірген соң еңбек өтілі жоқ бітірушілер;
      13) алынған мамандығы бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ еңбекпен қамтылмаған жастар;
      14) 50 асқан болашағы жоқ жастағы тұлғалар;
      15) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      16) алынып тасталды
      17) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009.05.13 № 142; 2009.10.19 № 277қаулыларымен.
      2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 76 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы", 2008 жылғы 17 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-75, аудандық "Айна" газетінде 2008 жылдың 17 сәуірдегі № 4 санында жарияланған, қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының әкімі                  Ф.Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады