Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабының 2-тармағына және 7-бабына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық ауданының аумағында тұратын нысанды топтарға жататын тұлғалардың келесі тізімі анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалар ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
13) он екі және одан артық ай ұзақ жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
14) техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерді бітірген соң еңбек өтілі жоқ бітірушілер.
2. Осы қаулының қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық
ауданының әкімі Ф. Филиппов
Әкімдіктің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 63 қаулысына қосымша
Қарабалық ауданы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-92 нөмірі бойынша тіркелген, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы ақпараттық бюллетенінде жарияланған) қаулысы.
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 142 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-114 нөмірі бойынша тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырдағы № 20 аудандық "Айна" газетінде жарияланған) қаулысы.
3. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 277 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-123 нөмірі бойынша тіркелген, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 46 аудандық "Айна" газетінде жарияланған) қаулысы.