"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылда Қарасу ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының мынадай оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
1) дәнді дақылдар: 15 мамырдан бастап 30 мамырға дейін жаздық бидай, 25 мамырдан бастап 5 маусымға дейін арпа, сұлы, тары, қарақұмдық;
2) 18 мамырдан бастап 25 мамырға дейін майлы дақылдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Е. Балжақаев