2009 жылда егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 118 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда № 9-13-84 тіркелді

      "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылда Қарасу ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының мынадай оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      1) дәнді дақылдар: 15 мамырдан бастап 30 мамырға дейін жаздық бидай, 25 мамырдан бастап 5 маусымға дейін арпа, сұлы, тары, қарақұмдық;
      2) 18 мамырдан бастап 25 мамырға дейін майлы дақылдар.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Е. Балжақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады