Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.04.2015 № 278 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 10.09.2014 № 231 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2009.09.24 № 211 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 10.09.2014 № 231 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін есебінен азаматтық қызметкерлердің мамандықтар, жиырма бес пайызға көтеру үшін лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерге білім, мәдениет лауазымдарының тізімін қалыптастыру туралы" Таран аудандық мәслихатының 2007 жылдың 21 желтоқсандағы № 35 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі 9-18-57, 2008 жылдың 31 қаңтардағы № 5 "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он үшінші, кезекті
сессиясының төрағасы Б. Бердалинов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ж. Шинкин