Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.04.2015 № 278 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы шешімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" Таран аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 155 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміндегі нөмірі 9-18-80, 2009 жылғы 13 наурызда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
бастамадағы "жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он сегізінші, кезектен тыс
сессиясының төрағасы Н. Транда
Аудандық
мәслихатының хатшысы Ж. Шинкин
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ В. Пирог
2009.09.24
"Таран ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ В. Ересько
2009.09.24