Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 278 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 мамырда № 5615 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 332 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 332 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын, қосымшаға сәйкес (қоса берілген).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Елу бірінші, кезекті
сессияның төрайымы

М. Гривко

      Аудандық мәслихат хатшысы

С. Жолдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________В. Ересько
      «28» сәуір 2015 жыл


Мәслихаттың
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 278 шешіміне
қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 155 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-80 тіркелген, 2009 жылғы 13 наурызда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 211 "Мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 155 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы"" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-97 тіркелген, 2009 жылғы 15 қазанда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қазандағы № 152 "Мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 155 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада "Маяк" газетінде жарияланған).
      4. Мәслихаттың 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 231 "Мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 155 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5101 тіркелген, 2014 жылғы 2 қазанда "Маяк" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады