"Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 83 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 мамырда № 9-20-151 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде нөмері 9-20-140 болып тіркелген "Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешімін жүзеге асыру туралы әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №  19 қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-20-140 нөмірі бойынша тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпанда "Федоровские новости" аудандық газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
      3-тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "4) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік қорғалатын санынан: оралмандар сондай-ақ жастар санынан студенттерге, білім ұйымдары түлектеріне тағайындалады".

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Корниенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады