"2009 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 20 қаулысына енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 300 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 қарашада № 9-20-161 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағы негізінде Федоров ауданының әкiмдігі КАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-144 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпандағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған, "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 20 қаулысына толықтыру енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 138 қаулысымен толықтыру енгізілді, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-155 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 қыркүйектегі "Федоровские новости" № 37 газетінде жарияланған) әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 20 қаулысына мындай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
      "жоғары, орта арнайы, кәсіптік білімін, және дайындау курс оқуын бітіргеннен кейін, жұмыс өтілі жоқ түлектер" деген жол мына редакцияда жазылсын: "жоғары, орта арнайы, кәсіптік сондай-ақ дайындау курсын бітірген түлектер";
      1-тармақ "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер" деген жолмен толықтырылсын;
      "жұмыс уақыты толық емес тәртіпте жұмыспен қамтылған" деген жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмі орынбасарының міндетін атқарушы О. Ф. Федороваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров ауданының әкімі                    А. Корниенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады