Павлодар қаласы әкімідігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіті туралы" N 130/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы N 1124/16 актісі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қыркүйекте N 12-1-144 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі N 1619/23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011.07.15 N 1619/23 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы N 31, 2009 жылғы 17 наурыздағы N 32 "Сарыарқа самалы", 2009 жылғы 16 наурыздағы N 10 "Версия" газеттерінде жарияланған) Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі "Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 491/8 қаулысына енгізілген өзгерістермен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-136 тіркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы  N 55 "Сарыарқа самалы", 2009 жылғы 25 мамырдағы N 20 "Версия" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      "Біржолғы әлеуметтік көмек" 3-тараудағы 20 - тармақ мынадай мазмұнда: "жақтардың келісімі бойынша білім беру қызметін көрсетуге төрт жақты келісім-шарт жасаған (студент, Павлодар қаласының әкімдігі, Семей медициналық мемлекеттік академиясы, Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы) Семей медициналық мемлекеттік академиясының студенттері. Әлеуметтік көмектің мөлшері келісім-шартта көрсетілген мерзімі бойынша білім беру қызметінің нақты құны болып табылады. Әлеуметтік көмек студенттің оқуға қатысуы мен үлгерімін растайтыны туралы оқу орнының мәліметтері негізінде жылына екі рет төленеді" 25)-тармақшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.

      Павлодар қаласының әкімі                   Б. Жоламанов

О внесении дополнения в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года N 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 19 августа 2009 года N 1124/16. Зарегистрировано Управлением юстиции города Павлодара Павлодарской области 14 сентября 2009 года N 12-1-144. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 15 июля 2011 года N 1619/23

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 15.07.2011 N 1619/23.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях социальной защиты граждан акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Павлодара от 30 января  2009 года N 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 12-1-134, опубликованное в газетах "Сарыарқа самалы" N 31 от 14 марта 2009 года, N 32 от 17 марта 2009 года, "Версия" N 10 от 16 марта 2009 года) с внесенными изменениями постановлением акимата города Павлодара от 20 апреля 2009 года N 491/8 "О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года N 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 12-1-136, опубликованное в газетах "Сарыарқа самалы" N 55 от 16 мая 2009 года, "Версия" N 20 от 25 мая 2009 года) следующее дополнение:
      в главе 3 "Единовременная социальная помощь" пункт 20 дополнить подпунктом 25) следующего содержания: "студенты Семипалатинской медицинской государственной академии, заключившие четырехсторонний договор на оказание образовательных услуг по соглашению сторон (студент, акимат города Павлодара, Семипалатинская медицинская государственная академия, управление здравоохранения Павлодарской области). Размером социальной помощи является фактическая стоимость образовательной услуги за период времени указанного в договоре. Выплата социальной помощи производится два раза в год на основании сведений учебного заведения, подтверждающих посещаемость и успеваемость студента".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на  заместителя акима города Канафину А. М.

     Аким города Павлодара                      Б. Жуламанов