Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011.07.15 N 1619/23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы N 31, 2009 жылғы 17 наурыздағы N 32 "Сарыарқа самалы", 2009 жылғы 16 наурыздағы N 10 "Версия" газеттерінде жарияланған) Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі "Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 491/8 қаулысына енгізілген өзгерістермен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-136 тіркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы N 55 "Сарыарқа самалы", 2009 жылғы 25 мамырдағы N 20 "Версия" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
"Біржолғы әлеуметтік көмек" 3-тараудағы 20 - тармақ мынадай мазмұнда: "жақтардың келісімі бойынша білім беру қызметін көрсетуге төрт жақты келісім-шарт жасаған (студент, Павлодар қаласының әкімдігі, Семей медициналық мемлекеттік академиясы, Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы) Семей медициналық мемлекеттік академиясының студенттері. Әлеуметтік көмектің мөлшері келісім-шартта көрсетілген мерзімі бойынша білім беру қызметінің нақты құны болып табылады. Әлеуметтік көмек студенттің оқуға қатысуы мен үлгерімін растайтыны туралы оқу орнының мәліметтері негізінде жылына екі рет төленеді" 25)-тармақшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Жоламанов