Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 93 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 4 мамырда N 1708 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 29 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.02.15 N 29 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7 бабы 5-4) тармақшасы, 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасы) іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарттары және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері болуы тиіс.
      5. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен еңбекақының елу пайыз мөлшерінде ішінара өтеледі.
      6. 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың орташа еңбекақысы 30 000 теңгені құрайтын болады, соның ішінде тиісті жергілікті бюджет қаржысынан 15 000 теңге, жұмыс берушінің қаржысынан 15 000 теңге.
      7. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз арасында жасалған еңбек шартымен айқындалады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайды.
      9. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      11. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі             С. Біләлов

Облыс әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 93 қаулысына
қосымша

Облыс әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. «Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысы (2005 жылғы 29 желтоқсан Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1608 тіркелді, 2006 жылғы 6 қаңтар «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2006 жылғы 6 қаңтар «Северный Казахстан» газетінде жарияланды), облыс әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 28 наурыздағы № 56 (2006 жылғы 14 сәуір Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1618 тіркелді, 2006 жылғы 1 мамыр № 51 «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2006 жылғы 28 сәуір № 50 «Северный Казахстан» газетінде жарияланды), «Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 12 тамыздағы № 237 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен (2008 жылғы 3 қыркүйек Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1683 тіркелді, 2008 жылғы 17 қыркүйек № 112 «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2008 жылғы 17 қыркүйек № 111 «Северный Казахстан» газетінде жарияланды).
      2. «Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 28 наурыздағы № 56 қаулысы (2006 жылғы 14 сәуір Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1618 тіркелді, 2006 жылғы 1 мамыр «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2006 жылғы 28 сәуір «Северный Казахстан» газетінде жарияланды).
      3. «Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 12 тамыздағы № 237 қаулысы (2008 жылғы 3 қыркүйек Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1683 тіркелді, 2008 жылғы 17 қыркүйек «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2008 жылғы 17 қыркүйек «Северный Казахстан» газетінде жарияланды).
 

Об организации социальных рабочих мест

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 14 апреля 2009 года N 93. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 4 мая 2009 года N 1708. Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 15 февраля 2010 года N 29

      Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 15.02.2010 г. N 29

      В соответствии с подпунктом 17) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 5-4) статьи 7, статьей 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 «О занятости населения», в целях реализации Плана действий Правительства Республики Казахстан на 2009 год по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию» (Дорожная карта), утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года № 264, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать социальные рабочие места для трудоустройства безработных из целевых групп населения (далее – социальные рабочие места).
      2. Социальные рабочие места организуются сроком до шести месяцев.
      3. Социальные рабочие места организуются на предприятиях, в учреждениях и организациях, независимо от форм собственности (далее – работодатель).
      4. Создание социального рабочего места осуществляется работодателем на основе договора с местным исполнительным органом района (города областного значения). Договор должен содержать обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест.
      5. Расходы работодателя на оплату труда безработного, трудоустроенного на социальное рабочее место, частично возмещаются из средств соответствующего местного бюджета, в размере пятидесяти процентов от минимальной заработной платы, установленной законодательством Республики Казахстан.
      6. Средняя заработная плата безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места в 2009 году, будет составлять 30 000 тенге, из них 15 000 тенге за счет средств соответствующего местного бюджета, 15 000 тенге за счет средств работодателя.
      7. Условия труда определяются трудовым договором, заключенным между работодателем и безработным, трудоустроенным на социальное рабочее место, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      8. Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, определяется местным исполнительным органом района (города областного значения).
      9. Акимам районов и города Петропавловска принять необходимые меры для реализации настоящего постановления.
      10. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Смаилова Ж.А.
      11. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата области согласно приложению к настоящему постановлению.
      12. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области            С. Билялов

Приложение
к постановлению акимата области
от 14 апреля 2009 года № 93

Перечень
утративших силу некоторых постановлений акимата области

      1. Постановление акимата области от 12 декабря 2005 года № 288 «Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест в Северо-Казахстанской области» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации № 1608 от 29 декабря 2005 года, опубликовано в газетах «Солтүстік Қазақстан» от 6 января 2006 года, «Северный Казахстан» от 6 января 2006 года), с изменениями, внесенными постановлениями акимата области от 28 марта 2006 года № 56 «О внесении изменения в постановление акимата области от 12 декабря 2005 года № 288 «Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест в Северо-Казахстанской области» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации № 1618 от 14 апреля 2006 года, опубликовано в газетах «Солтүстік Қазақстан» от 1 мая 2006 года № 51, «Северный Казахстан» от 28 апреля 2006 года № 50), от 12 августа 2008 года № 237 «О внесении изменений в постановление акимата области от 12 декабря 2005 года № 288 «Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест в Северо-Казахстанской области» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации № 1683 от 3 сентября 2008 года, опубликовано в газетах «Солтүстік Қазақстан» от 17 сентября 2008 года № 112, «Северный Казахстан» от 17 сентября 2008 года № 111);
      2. Постановление акимата области от 28 марта 2006 года № 56 «О внесении изменения в постановление акимата области от 12 декабря 2005 года № 288 «Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест в Северо-Казахстанской области» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации № 1618 от 14 апреля 2006 года, опубликовано в газетах «Солтүстік Қазақстан» от 1 мая 2006 года, «Северный Казахстан» от 28 апреля 2006 года);
      3. Постановление акимата области от 12 августа 2008 года № 237 «О внесении изменений в постановление акимата области от 12 декабря 2005 года № 288 «Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест в Северо-Казахстанской области» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации № 1683 от 3 сентября 2008 года, опубликовано в газетах «Солтүстік Қазақстан» от 17 сентября 2008 года, «Северный Казахстан» от 17 сентября 2008 года).